Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Билер билігінің қазақ даласындағы маңызы.

Қазақ билері ерте заманнан-ақ түрлі сот істерін шешетін, ақыл-кеңес беретін, сөзге жүйрік тергеушілердің қызметін атқарған. Өздерінің тапқырлығымен, көрегендігімен, сөз шеберлігімен түрлі даулы мәселелердің дұрыс шешімін таба білген. Қазақ билері әділ және ел құптаған, халық сөзін сөйлей білген шешендер. Өз әділеттілігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, айбындылығымен, көсемділігімен көзге түскен қазақтың атақты билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Қазақ халқының бұл билері еліміздің келешегі мен тыныштығы үшін күрескен халық қаһармандары.

Соның ішінде Ұлы жүз биі – Төле би. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, шешендігімен, әділеттілігімен, көрегендігімен көзге түскен. Төле би қазақ халқын нығайтуға, бір орталыққа бағындыруға өз үлесін қосқан. Біз оқыған аңыз әңгімелерден соның ішінде “Бала төренің төрелігі” әңгімесінде өз тапқырлығымен халықтың көзінше бота кімге тиесілі екендігін дәлелдеп қана қоймай, саудагердің қателігін мойындатқызды.

Халлықтың Төле биді құрметтегені соншалық, “Төле би дүниеден өтті дегенше, дүниеден әділет өтті десеңдерші”, - деп көздеріне жас алған.

Қазыбек би Орта жүз ханы он төрт жасында ел аралық мәселелерді дипломатиялық жолмен шешіп отырған. Жоңғар хандығына қарсы шығып, күрес ұйымдастырушылардың бірі болған. Қазыбек би елдің азаттығы үшін болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек еткен.

“Еліміздегі құт береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан еліміз”, – деп қазақтардың ержүректігі, бейбітшілікке деген ұмтылысын дөп басып айтқан.

Қазыбек бидің Бұқар жырауға он санының мағынасын ашып берген. Елдің кемшілігін айту арқылы елді беріктікке, тату өмір сүруге шақырады.

Әйтеке би Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында ең беделді билердің бірі болған. Қазақ хандығын ққұру жолында маңызды рөл атқарады. Әйтеке би өзін әділ би, тапқыр шешен, халықаралық күрделі мәселелерді шешуде үлкен үлес қосқан озық қайраткер ретінде халыққа танылды.

Халықта Тәуке би тауып айтады, Қазыбек би қазып айтады, Әйтеке би – тауып айтады деген сөз осыдан қалса керек.

Қазақ билерінің арқасында біз іргесі мықты, керегесі кең, терезесі тең ел болып қалыптастық. Осы билердің шешендік сөздері нақыл, даналық ойлары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халық жадында асыл қазынасы ретінде сақталса нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақ халқында үш бидің орны ерекше. Ел тыныштығы, ынтымағы оның келешегі үшін бастарын бәйгеге тіккен. Үш би қазақ халқының түп тамыры, осы тамыр арқылы біз нығайып, өсіп өркендеп, жетілдік.

0
0
939

Осы тақырып бойынша

Билер билігінің қазақ даласындағы маңызы. - Yvision.kz