Қазіргі таңда ең танымал әрі сұранысқа ие мамандық иесі болғың келе ме?
Қазіргі таңда ең танымал әрі ең сұранысқа ие мамандық ол -психолог. Осыдан он жыл бұрынғы статистика бойынша бұл мамандық актуалды емес болатын , алайда дәл қазіргі таңда бұл мамандық иелері сұранысқа ие, әрі қоғамда өзінің ойып тұрып орын алатын мамандықтардың бірі.
Алайда, қазіргі кездегі "әуесқой" психологтардың көбеюіне орай, кәсіби психологтардың қызметіне байланысты сан түрлі түсініспеушіліктер мен психологтарға деген дұрыс емес көзқарас қалыптасуда.
Сонымен кәсіби психолог дегенім кім? Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. Алайда әуесқой психологтардан айырмашылығы , кәсіби психолог кеңес беру барысында, жантану ілімінің негізіне, теориялары мен мәселелерді шешуде пайдаланатын түрлі әдістермен қаруланған адам. Оның басты принципі "құпиялылық". Кеңес беру барысында теориялар мен түрлі зерттеулерге негізделген техникаларды қолданады.
Осы саланың маманы болу үшін, ең алдымен базалық психологиялық білім және сол білімді тәжірбие жүзінде үйрететін мықты оқытушылар қажет. Ал мұндай оқытушылар Қазақстандағы абыройлы, танымал университеттердің бірі Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қызмет етеді.
Сондықтан өз ісіңнің маманы боламын десең КАЗНУ әрқашан дайын!
