Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия Өтемісқызы азаматтарды қабылдады.

Бүгін облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия Өтемісқызы азаматтарды қабылдады.Қабылдауға ауытқуы бар балаларға арналған балабақшаға кіші қызын орналастыра алмай жүрген көпбалалы ана келді. 6 жыл бойы аталған мекемеге орналасу үшін кезекте тұрса да, тіркеле алмай жүргендігі белгілі болды. Осы сұрақ бойынша депутат тарапынан заңнамалық тұрғыдан кеңестер беріліп, өңіріміздегі «Отбасы орталығына» балаларын кез-келген уақытта тіркеп, балалардың дамуына арналған бағдарламалармен және де курстардан өтуге болатынын жеткізді.Алия Өтемісқызы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады…

0
0
209

"Қала үшін күрес" кітабы таратылды

Кітаптар урбанистика идеяларын қазақ тілінде тарату, дұрыс қалалық жоспарлау туралы білімді насихаттау мақсатында таратылуда.

Оқырман бұл еңбекте урбанистика саласының бүгінгі беталысы жайлы қызықты да пайдалы ақпаратты таба алады. Кітапта қазіргі қалалардағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары жан - жақты сипатталған.

Бүгінгі таңда урбанистика Қазақстандағы маңызды тақырыптардың біріне айналды. Қалаларымыз ұдайы өзгеруде және онда жаңа көрнекті орталықтар мен мәдени кодтар қалыптасуда.

#JasOtan #JasOtanAlmaty

1
0
194

Қоғамдық қабылдау

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат хатшысы Қайырғалиева Лариса Тельманқызы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдау барысында Хан Ордасы ауылының тұрғыны, шаруа қожалық иесі өзіне тиісті жер телімінің аздығын айтып қосымша жалға жер телімін сұрап келді. Жер телімін алу үшін арнайы конкурс арқылы алуға болатынын айтып толық түсінік берілді.Ал Саралжын ауылының тұрғыны жалғыз басты ана жолдасы қайтыс болуына байланысты үйінің құжаттары рәсімдеуге берілген, осы құжаттарын алу үшін көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша барлық мән-жайын біліп толық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жалғыз басты ана зейнет жасының жақындап қалуына байланысты жұмысқа орнал…

0
0
222

«Sofie MedGroup» медициналық клиникасының кардиохирургтары 70-гі науқастың жүрегіне сәтті ота жасады

Медицинада мұндай ауруды жүректің ишемиялық ауруы деп атайды. Айта кету керек, бұл коронарлық артерия жүйесіндегі патологиялық процестерге негізделген жүрек бұлшықетіне артериялық қан берудің төмендеуінен немесе тоқтауынан болатын созылмалы миокардтық зақымдану болып табылады. Жалпы, жүректің ишемиялық ауруы - кең таралған ауру түрлерінің біріне жатады. Өлім құрылымында жүрек-қан тамырлары аурулары бірінші орында болса, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы шамамен 40% құрайды.Науқаста бұрын миокард инфарктісі болған, яғни жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы байқалған. Кардиохирургтар науқасқа бірнеше рет коронарлық артерия жасаған. Алғашында ентігу пайда болып, жағдайы күрт нашарлай түскен. Клиникаға барып анализ қорытындыларынан соң, шұғыл түрде хирургиялық араласу қа…

0
0
306

Қапшағай қаласы мемлекеттік қызметшілер арасында«Сапалы қызмет» конкурсының марапаттау іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Сапалы қызмет» конкурсының нәтижесі бойынша марапаттау іс-шарасы өткізілді. Конкурсқа Қапшағай қаласының 12 мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары қатысты.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің сонымен қатар Қапшағай қаласы Әкімі Аппараты бастамасымен ұйымдастырылған конкурс 3 критериядан құрылды: эссе, бейнеролик, буклет. Қапшағай қаласы Әкімі Аппаратының басшысы Б.Дүйсенбаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы М. Абылов жеңімпаздарды дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.А…

0
0
298

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің онлайн отырысы

"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалында партия жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің zoom платформасы арқылы онлайн отырысы өтті. Күн тәртібінде 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарған шаралары туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Берік Базарұлының хабарламасы тыңдалды. Отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

0
0
184

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Сулыкөл ауылының тұрғындарымен кездесу

"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Меңдешов Нұрлан Құмарұлы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Сулыкөл ауылының тұрғындары, зейнеткер Өтеғалиев Халел мен тыл ардагері Есқалиев Сабырдың үйлерінде болып, хал-жағдайларын біліп қайтты.

Кездесу барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Құмарұлы "Nur Otan" партиясының 2025 жылғы арналған бағдарламасы негізіндегі Жол картасымен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Зейнеткерлер депутаттың жұмысына сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

0
0
197

Жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

2021 жылдың 10 маусымы күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңеске «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов, жастарды қолдау жөніндегі кеңестің төрағасы М.Амантаев, сонымен қатар қоғамдық кеңестің мүшелері қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

0
0
171