Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия Өтемісқызы азаматтарды қабылдады.

Бүгін облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия Өтемісқызы азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға ауытқуы бар балаларға арналған балабақшаға кіші қызын орналастыра алмай жүрген көпбалалы ана келді. 6 жыл бойы аталған мекемеге орналасу үшін кезекте тұрса да, тіркеле алмай жүргендігі белгілі болды. Осы сұрақ бойынша депутат тарапынан заңнамалық тұрғыдан кеңестер беріліп, өңіріміздегі «Отбасы орталығына» балаларын кез-келген уақытта тіркеп, балалардың дамуына арналған бағдарламалармен және де курстардан өтуге болатынын жеткізді.

Алия Өтемісқызы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

0
0
163

Осы тақырып бойынша