"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Сулыкөл ауылының тұрғындарымен кездесу
"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Меңдешов Нұрлан Құмарұлы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Сулыкөл ауылының тұрғындары, зейнеткер Өтеғалиев Халел мен тыл ардагері Есқалиев Сабырдың үйлерінде болып, хал-жағдайларын біліп қайтты.
Кездесу барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Құмарұлы "Nur Otan" партиясының 2025 жылғы арналған бағдарламасы негізіндегі Жол картасымен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Зейнеткерлер депутаттың жұмысына сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
