Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат хатшысы Қайырғалиева Лариса Тельманқызы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдау барысында Хан Ордасы ауылының тұрғыны, шаруа қожалық иесі өзіне тиісті жер телімінің аздығын айтып қосымша жалға жер телімін сұрап келді. Жер телімін алу үшін арнайы конкурс арқылы алуға болатынын айтып толық түсінік берілді.

Ал Саралжын ауылының тұрғыны жалғыз басты ана жолдасы қайтыс болуына байланысты үйінің құжаттары рәсімдеуге берілген, осы құжаттарын алу үшін көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша барлық мән-жайын біліп толық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жалғыз басты ана зейнет жасының жақындап қалуына байланысты жұмысқа орналаса алмай жүргендігін айтып, депутаттан көмек сұрады. Аудан тұрғынының толық байланыс деректері жазылып, аудандық жұмыспен қамту бөліміне жолдама берілді. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді.

0
0
182

Осы тақырып бойынша