Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған конференция өтті

Алматы қаласының «Достық үйінде» қазақ әдебиетінің қайталанбас суреткері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Сөз өнерінің сардары саналы ғұмырын ұлтының дүниетанымын байытуға арнады. Әдебиет әлеміне құбылыс болып енген сұңғыла суреткер қазақ прозасына ерекше қолтаңбасын қалдырды. Көзі тірісінде-ақ классик атанған жазушы қаламгерлердің жаңа буынына үлгі-өнеге көрсетіп, өзіндік мектебін қалыптастырды. Әбеңнің әр туындысынан туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігі айқын көрінеді. Оның «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді ро…

0
0
223

Республика күнінде Абай облысында 7 медициналық пункт өз жұмысын бастады

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Республика күні Жарма ауданының Салқынтөбе, Бородулиха ауданының Успенка, Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы, Биғаш, Шәріптоғай және Бесқарағай ауданының Белокаменка, Стеклянка ауылдарында медициналық пункттер салтанатты түрде ашылып, жұмыстарын бастады.Барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері және дәріхана бар.Жаңа медициналық пункттер заманауи стандарттарға сай келеді. Қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған. Пункттер су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.Жаңа пункттердің ашылуына ризашыл…

0
0
253

Pragmatic Play: Разработчик Игрового Софта

Pragmatic Play — один из ведущих разработчиков софта для азартных игр, широко известный своим разнообразным ассортиментом слотов, настольных игр и живых казино. Основанная в 2015 году, компания стала одной из крупнейших в индустрии благодаря вниманию к качеству, инновациям и стремлению соответствовать высоким стандартам безопасности и лицензирования.Ключевые особенности Pragmatic PlayШирокий ассортимент игр. Pragmatic Play предлагает перейти в более 200 игр, включая классические и видеослоты, настольные игры, лотереи и игры с живыми дилерами. Среди их самых популярных слотов — Wolf Gold, The Dog House, Sweet Bonanza и Big Bass Bonanza. В ассортименте есть как игры с высокой, так и с низкой волатильностью, что привлекает игроков с разными предпочтениями.Игры с живыми дилерами. Pragmatic Pl…

0
0
353

Абай облысы Көкпекті ауданында тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілді

Көкпекті ауданында кезекте тұрғандарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қол қойылған меморандум аясында әрбір пәтердің ауданы 85 шаршы метр болатын 50 тұрғын үйдің құрылысы басталды.Қазіргі уақытта Көкпекті ауылында екі пәтерлі бес, Үлкенбөкен ауылында он, Үлгілімалшы ауылында төрт, Шұғылбай ауылында үш тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ Теректі және Шәріптоғай ауылдарында екі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.Республика күні мерекесіне орай, Көкпекті ауылында жаңа үйлердің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, жаңа қоныстанушыларды көптен күткен қоныс тойларымен құттықтады.Баспанаға ие болғандардың бірі, көп балалы ана Динара Төлеуғалиқызы өз қуанышымен бөлісті.«Көп жылдар бойы отбасымызбен жалдамалы пәтерде тұрдық. Баспана кез…

0
0
234

Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды.Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Оған қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қатысты, өздері оқытатын мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырды. Көрмеге фелдшер, өрт сөндіруші, ІТ маман, шаштараз, дизайнер, дәнекерлеуші сынды түрлі мамандықтар қатысты.Іс-шараны мектеп оқушыларымен бірге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та тамашалады. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету, пайдалы кәсіптер туралы көзқарастарын дамыту және мамандықтардың ерекшеліктерін танысты…

0
0
172

Қазақстан Республикасының Бас прокуры мен Әділет министріне жолданады!

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Болат Керімбектің Премьер-Министр Олжас Бектеновке қоғамдағы мәселелерге өз бетінше шешім шығарып жүрген адамдарға қатысты жолдаған депутаттық сауалы.Құрметті Берік Ноғайұлы!Құрметті Азамат Несіпбайұлы!Кемеңгер Абай кезінде аузымен орақ орған пысықайларға қарата «Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын» деп, оларды қатаң сынаған еді. Өкінішке қарай, соңғы кезде елімізде осындай өзін-өзі сайлап алған жалған «билер» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап өсіп, көбейіп кетті. «Қазақ билері», «Қазақ билер алқасы» секілді атаулармен құрылған түрлі рулық-жүздік қоғамдық ұйымдар қаптады. Тіпті, ресми тіркелмей-ақ өз алдына оңаша отау құрып, би болып жүргендер де жетерлік. Бұдан бөлек, ат төбел…

0
0
219

Семейде Республика күні қарсаңында пәтер кезегінде тұрған 30 азамат баспаналы болды

23 қазанда Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Рәсімге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.– 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Осындай айтулы мереке қарсаңында Семей қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Шаңырақтарыңыз берекеге толы болсын!, - деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов. Соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтерді. Мемлекет басшысының қолдауымен 2023…

0
0
250

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

23 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек өтілі:02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкім…

0
0
359

Бүгінгінің батырлары

1995 жылдан бері 19 қазанда құтқарушылардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Ел тәуелсіздігінің 4-жылдығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Бұл салада қызмет ететін азаматтардың еңбегі ерен. Қоғамдағы үлесі өлшеусіз. Өйткені айтпай келген апатта жедел әрекет етіп, өз өмірін өзгенікінен жоғары қойып, әрқайсының өмірін құтқару – оларға жүктелген басты міндеттің бірі.Кейінгі 1 айдың ішінде табиғи және техногендік төтенше жағдайды қоса алғанда 774 жағдай тіркелген. Үстіміздегі жылдың сәуірінде еліміздің кей аймақтарын су басып, төтенше жағдай тіркелді. ТЖ министрлігінің мәліметінше, 8 сәуірде 76 адам эвакуацияланып, 3700 тұрғын үй мен 400 аула су астында қалды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам мен 2655 тех…

0
0
447

Атырауда қоғам және мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Тарих және тұлға: Нұртас Оңдасыновтың қоғамдық және мемлекеттік қызметі» атты конференцияға облыс әкімі Серік Шәпкенов, Астана, Алматы, Қарағанды және Атырау қалаларынан профессор-ғалымдар, тіл мамандары қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов конференция қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдаған жеделхатын оқып берді.- Нұртас Оңдасынов - мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан тарихи тұлға. Ол аса күрделі кезеңде ел басқарып, көптеген игі бастамаға ұйытқы болды. Халқының мүддесін бәрінен биік қойып, экономика, білім, ғылым, мәдениет саласында ауқымды өзгерістер жасады. Нұртас Дәндібайұлы мемлекет басқару ісін жаңа деңгейге көтерді. Ол қазақ қоғамын өркендетіп, ұлтжанды азаматтардың тұтас буынын тәрбиелеуге баса мән берді.…

0
0
261