Канвассинг өтті
"Nur Otan" партиясының Канвассинг шарасы бойынша бүгін колледжден зейнеткірлікке шықан Лукбанова Муслима Есенқызыңың үйіңді болып қал жағдайын біліп көкейтесті мәселелер бойынша әңгімелестік.
"Nur Otan" партиясының Канвассинг шарасы бойынша бүгін колледжден зейнеткірлікке шықан Лукбанова Муслима Есенқызыңың үйіңді болып қал жағдайын біліп көкейтесті мәселелер бойынша әңгімелестік.
Бүгін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыста "2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының " орындалу барысы талқыланды. Отырыста Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің директоры М.Жамалбеков пен "Косенков" БПҰ төрайымы Г.Ашимжанованың есебі тыңдалды. Нәтижесінде, күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулы шығарылды.Отырысқа қатысқан қатысушылар сұрақ қойып, оған заң аясында кеңестер берілді.
Бүгін, партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста партия қатарын толықтыру және оның сапалық құрамын жақсарту, партия жарғысына сәйкес мүшелік жарнаның уақытылы толық орындалуы туралы «Ескелді би», «Жолбарыс батыр», «Елтай» бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебі тыңдалды.Қатысушылар өз тараптарынан сұрақ қойып, оларға заң аясында кеңес беріліп, тиісті қаулы шығарылды.
"Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың құттықтауы.23 маусым-полиция қызметкерлер күні құтты болсын!Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы полиция қызметкерлері екені сөзсіз.Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын полиция қызметкері болу – мәртебелі міндет.Бүгінгі мерекеге орай "Nur Otan"партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов, Қаратал ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін арнайы құттықтап, қызмет саласында белсенді жүрген полиция қызметкерлерін марапаттап, партия төрағасы Ерлан Шойұлыныңда арнайы алғыс хаттарын табыстады.Бұл – қазақтың сақшылары, тірегің!Тірегіңнен үзілмесін күдерің!Тілерім сол, бейбіт күннің ерлер…
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!🇰🇿
Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық аға Мырзағалиевпен кездестік. Өйткені ол кісінің кабинеті аудандық әкімдіктегі ең көп ашылатын есіктердің бірі. Ардагер, зейнеткер аға-апаларымыз шаруаларын, өкпе-өтініштерін, ұсыныстарын бірінші осы кісіге айтады. Сондықтан да көп жылдар басшылық қызметте болған, ауданның қадірлі азаматы Садық ағамен жиі кездесіп, сұқбаттасып тұрғанның пайдасы зор. Үнемі ауданның тарихы, ардагер азаматтары мен еңбекқор адамдары жайлы сыр шертетін ағамен дидарласуды Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Кашукқызы екеуміз сәті түскен кездесу деп санадық.
2021 жылғы 23 маусымда департамент ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа және мемлекетке қызмет етуді бәрінен жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік қызметті жаңғырту "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі басымдықтарының біріне айналды, оны іске асырудың басты мақсаты ғасырдың ортасына қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру. Мұрат Тілемісұлы Мұратбеков іс-шараны ашып, Департамент қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу құрметіне Департамент қызметкерлеріне: 1. ҚР Еңбек және халықты…
"Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы ардагер ұстаз Зәуре Испанова мен отағасы еңбек ардагері Испанов Амантай ағамен отасқандарына 50 жыл толуына әрі ардагер ұстазымыздың туған күніне орай құттықтап, шағын сыйлық табыс етілді.