Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 30 кітап сыйға» акциясы

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы датаға байланысты «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 30 кітап сыйға» акциясы өтіп жатыр.

Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға аудандық орталық модельді кітапханасының қосар үлесі зор. Сол себепті жаңа кітаптар көбірек болсын деп тұрақты оқырман, кентіміздің белсенді азаматы, аудан депутаты Амантай Нұртайұлы Ақышев оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға сыйлауға, өзге адамдардың да осындай керемет қадам жасауына жол ашты.

Сыйланған кітаптардың арасында – орыс және шетел шығармаларының классикалары, заманауи детективтер, мемуарлар, ақындық жинақтар.

Кітапхана ұжымы мен белсенді оқырмандар сыйланған кітаптар кітапхана сөрелерін толтырып қана қоймай өз оқырманына жол табатынына сенімді.

Осындай игі іс ары қарай жалғасын табады деген сенімдеміз.

0
0
261

Осы тақырып бойынша

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 30 кітап сыйға» акциясы - Yvision.kz