Депутатар ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Ермекқалиев Орынғалидың шаңырағында болды
Бүгін аудандық мәслихат депутаттары К.Суйеугалиев, Н.Мендешовтер «Nur Otan» партиясының Канвассинг шарасы негізінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Ермекқалиев Орынғалидың шаңырағында болды.
Кездесу барысында халық қалаулылары мемлекеттік қызмет саласының ардагері Орынғали Бәкесұлын айтулы мерекемен құттықтап, Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы мен бірлесіп атқарған жұмыстары мен сайлауалды бағдарламасы бойынша аудандағы жұмыстарға тоқталып өтті.
