Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлының құтықтауы.

Құрметті достар! Мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.

Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын.

Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат.

Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойған.

Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек.

Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.

Бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Мұрат Мұқаев.

0
0
211

Осы тақырып бойынша