Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдау барысында келген көпбалалы ана тұрғын үй мәселесімен жолықты. Азаматша тұрғын үй кезегіне орналасқан, бірақта кезегі келмеген. Қазіргі уақытта азаматша отбасымен жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Тұрғын облыстық маслихат депутатынан уақытылы тұруға арналған пәтер қарастыруға көмек сұрады. Сонымен қатар, жолдасының жұмысқа орналасуына жәрдемдесуін сұрады. Мұрат Рахметұлы жұмыспен қамту бөліміне жолдама жіберіп, мәселені бақылауға алатын ұстайтынын мәлімдеді. Көпбалалы ананың барлық байланыс деректері жазылып алынып, заңнамалық тұрғыдан түсініктемелер берілді.

Қабылдауға жазылған тағы бір тұрғын кәріз мәселесімен келді. Тұрғынның хабарлауы бойынша жоғарғы қабаттағы көршілері үйдің маңына кәріз құбырын(септик) өткізіп қойған. Кәрізден жағымсыз иістер шығатынын мәлімдеп, тұрғындардың мазасын алатынын хабарлады. Тұрғын облыстық маслихат депутатынан кәріздің орнын ауыстыруын немесе алып тастауға көмек көрсетуін сұрады. Барлық байланыс деректер жазылып алынып, мәселе бойынша тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданатын болды.

Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.

0
0
410

Осы тақырып бойынша