Мазмұнға өту

Жаңа

" Ұлылар үндестігі" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Үшарал ауылдық кітапханасында Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш орда өкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай " Ұлылар үндестігі" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді.

0
0
186

"Қызық ойын алаңында" атты кел ойнайық сағаты ұйымдастырылды.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, 8 қыркүйек күні Көктал ауылдық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен,

"Қызық ойын алаңында" атты кел ойнайық сағаты ұйымдастырылды. Психологтардың айтуынша, шахмат ойнау адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, қиын сұрақтарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Көптеген адамдар бұл ойынды жоғары ақыл-ой дәрежесі барларға арналған деп ойлайды. Шахмат ойнау арқылы кез-келген адам өзінің ақыл-ой дәрежесін көтере алады. Бұл сағатты өткізу мақсаты жасөспірімдерді шынaйылыққа, ой-өрісін дамытуға, төзімділікке, жеңіске деген талпынысын арттыру.

0
0
179

“Жүз жасаған бәйтерек” атты танымды сағат болып өтті.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Панфилов аудандық кітапханасының оқу залында қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар тойланып жатқан, Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған “Жүз жасаған бәйтерек” атты танымды сағат болып өтті. Шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Мадина Скакова жүргізіп, ғасыр жасаған дәуірдің дара тумасының өмірлік жолы мен шығармашылық еңбектері туралы кең көлемде мәлімет беріп өтті. Сондай-ақ, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Бекжігіт жыр дүлдүлінің көркем шығармаларының ішіндегі “Бақ, дәулет, ақыл” атты өлеңін мәнеріне келтіріп айтып шықты. Сонымен қатар, шара да "Дара туған даналар" атты жыр алыбына арналған, ақынның өмірбаяны мен еңбектерін қамтитын деректер мен д…

0
0
244

“Тіл мен тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, аудандық кітапхананың оқу залында “Тіл мерекесіне” орай, жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру негізінде және олардың халқына, тіліне деген махаббатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған, “Тіл мен тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Бекжігіт жүргізді. Дөңгелек үстелде ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған, өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы жайлы және қоғам қайраткерінің туған тіліне деген құрметі туралы аудандық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлері арасында кең көлемде толғамды ойлар мен пікірлер сарапқа салынды. С…

0
0
182

Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы,"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Үлкеншыған ауылдық округінің мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Қазақ өнерінің саңлағы-Дина, атты күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Ахметова Жанар Нүсіпханқызы өз шәкірттерімен дөңгелек үстел басында, күйші жайында,дерек бере отырып шығармасын көпшілік назарына ұсынылды.

0
0
189

Сакиова Ризван Абдуликимовна кезектен тыс қабылдау ұйымдастырды.

«Халыққа көмек» жобасы аясында Аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимовна кезектен тыс қабылдау ұйымдастырды.Нәтижесінде Аудандық мәслихат депутаты мектепке қажетті оқу-құралдарымен, мектеп формасымен,спорттық киімдермен 16 отбасыға және «Диана» медициналық колледжінің ақылы бөлімінде оқитын 1 курс студентінің бір жылдық оқу ақысын төлеп көмек көрсетті. 18 оқушыға жалпы сомасы 430 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

0
0
244

«Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері қазақтың қол өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығынына орай, Үшарал ауылдық округінің «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері қазақтың қол өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

0
0
194

Ұлағат шежіре және тәлім орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақтың қол өнер көрме ұйымдастырды.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Үшарал ауылдық округінің, Ұлағат шежіре және тәлім орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақтың қол өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

0
0
238

"Жасыл ел" жастар еңбек жасақшыларынан құралған "Құрылыс жасақшылары"

"30 игі іс" акциясы аясында "Nur Otan" партиясы Панфилов ауданы филиалы, Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жасыл ел" жастар еңбек жасақшыларынан құралған "Құрылыс жасақшылары" Аққұдық ауылында жаңадан салынып жатқан мектепке көмек көрсетілді.

30игііс

0
0
146

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойы

"Nur Otan" партиясы Панфилов ауданы филиалы, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында. Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойына арналған Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен танымдық сағатын ұсынды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайд…

0
0
198