“Жүз жасаған бәйтерек” атты танымды сағат болып өтті.
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Панфилов аудандық кітапханасының оқу залында қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар тойланып жатқан, Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған “Жүз жасаған бәйтерек” атты танымды сағат болып өтті. Шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Мадина Скакова жүргізіп, ғасыр жасаған дәуірдің дара тумасының өмірлік жолы мен шығармашылық еңбектері туралы кең көлемде мәлімет беріп өтті. Сондай-ақ, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Бекжігіт жыр дүлдүлінің көркем шығармаларының ішіндегі “Бақ, дәулет, ақыл” атты өлеңін мәнеріне келтіріп айтып шықты. Сонымен қатар, шара да "Дара туған даналар" атты жыр алыбына арналған, ақынның өмірбаяны мен еңбектерін қамтитын деректер мен дәйектер қойылған кітап көрмесі жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.
