“Тіл мен тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, аудандық кітапхананың оқу залында “Тіл мерекесіне” орай, жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру негізінде және олардың халқына, тіліне деген махаббатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған, “Тіл мен тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Бекжігіт жүргізді. Дөңгелек үстелде ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған, өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы жайлы және қоғам қайраткерінің туған тіліне деген құрметі туралы аудандық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлері арасында кең көлемде толғамды ойлар мен пікірлер сарапқа салынды. Сонымен қатар, кеш қонағы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы, тарихшы Умербаев Турдалы Қайназарұлы ұлттық белгіміз, халықтық мұрамыз - тіліміз туралы оқырмандарға ой салатын мәнді де мағыналы сөздер айтып, барша желі оқырмандарын Тіл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Оспанова Сара Нұртәліпқызы шара да “Тіл жүрегі халқымның” атты кітап
