Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойы

"Nur Otan" партиясы Панфилов ауданы филиалы, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында. Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойына арналған Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен танымдық сағатын ұсынды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. "Ы.Алтынсарин -Ұлы педагог ағартушы, жазушы "Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойына арналған Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйінің дайындаған танымдық сағатын ұсынады.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойы - Yvision.kz