Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!...
Қайтер едік өмірге келмегенде, Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде. Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде, Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде... Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған осы әнді Шымкенттегі көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, туғанынан зағип үш баланың орындауында естігенде көзім жасқа, көңілім мұңға толды. Жүрегің тас, сезімің саз болмаса, бұл өлеңді тебіренбей тыңдау мүмкін емес. Аталмыш әнді мына жерден тыңдауға болады. Жаратушы Сапарбай, Азат, Тұрар есімді қазақтың үш ұлына көру қабілетін бермесе де, өнерден айырмапты. Ақиық ақын Мұқағалидің сөзіне, әуесқой сазгер Садық Қанаттың әніне жазылған осынау ән көптеген жүлделерге ие. "Сәттің" серілері режиссер Руслан Байтөлешовтың "Тағдыр" атты фильміне де түсіп, өздерін сомдап шығыпты. Әркім…