Твиттердің визуалиязациялары
Сіз Твиттерді күнделікті өмірде (біреуге қызық естілетін шығар, бірақ шынымен де көп адамдар үшін ол күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, мен де солардың қатарындамын) қолданатын болсаңыз, мына сервистерге назар аударыңыз. Маңыздылығы жоқ болса да, әдемі визуализациямен көзге түседі.
Visible Tweets
Visible Tweets іздеу бойынша твиттерді көрсетеді. Анимациясы керемет! Бұл твиттер-мешаптың бір минусы - тек латын әріптерді қабылдауында.



Twittervision
Twittervision - бұл твиттер-мешаптардың ішіндегі ең алғашқысы. Картада дәл қазір жарияланған твиттер географиялық орнымен қоса көрсетіледі. Сервис өз API-на ие, бірақ сізге таныс емес адамдардың апдейттерін көрсетеді.

Twistory
Twistory - бұл да бұрыннан пайда болған әдемі сервис. Ол I love | hate | think | believe | feel | wish сөздері бар твиттерді көрсетеді. Осыған ұқсас орыс тілді сервис Твиху бар. Бірақ ол апдейттерді «вчера», «сегодня», «завтра» сөздері бойынша көрсетеді.

Toriseye
Toriseye - қызықты анимация. Төменде өзіңіздің юзернейміңізді жазып қойсаңыз, құстар ұша бастайды. Біреуіне курсор қойсаңыз, твит (сіздікі не сізге жазылған реплай) пайда болады. Сервис HTML/CSS және JavaScript-те жасалынған.

Social Collider
Social Collider түсініксіздеу болса да, сіздің және бөтен твиттердің арасындағы байланысты «суреттейді». Юзернеймді жазып, 5 минут күте тұрыңыз.

Бұл тізім толық емес, басқа да түрлі сервистер бар және әлі де болады. Тви-өміріңіз қызықты, әрі пайдалы өтсін!
