Мазмұнға өту

Жаңа

Қалтафондар қашан қазақшаланады!

"Vox news" экономикалық радио жаңалықтардың кезекті қысқа нұсқасын ұсынып отырмын. Бұл үнхабарда елімізге заңды жолмен келетін қалтафондардың қашаннан бастап қазақ қаріптерін қолдайтыны айтылады. Тезірек келсе екен деп тілеп жүрмін. Сол кезде біреуін қолға түсіріп, қалтафон арқылы да интернетке сауатты жазбалар жазу мүмкіндігі туар еді. :)

0
0
598

Қу ақынның жүресің бағын ашып...

Сен мені ұнатасың,
Бірақта байқатпайсың,
Жаныңды жылатасың,
Жай таппайсың,
Көңілің налып.

Қарайсың, сұратасың,
Жібермейсің,
Жанарыңның құлы ғып жүрер дейсің,
Сен неге сыр ашпайсың,
Мұңыңның бәрін жинап,
Маған барып?!

Мен адаммын,
Періште емес,
Қасыңдамын,
Сезімді қалай мынау жасырғаның?!
Жаныңның маған деген ылтипатын,
Жыр сипатын,
Түсінбеді қу миым,
Санам, - барым.

Қалайша?
Қалай ғана сағынасың,
Қу ақынның жүресің бағын ашып.
Қалайша мұндай жанның,
Тым асау, қызу қанды,
Айтқанына сенесің,
Бағынасың,
Асыл бағым?!

0
1
702

Кілтін іздеп әлде сіз көресіз бе?!

Тіршілікті тербеткен бесігінде,
Жатырмын жырмен құшып Жер-Ананы.
Мен деген кейіпкердін есі кімде? -
Жауабын жүрек қана бере алады.

Жүрегімнен сұра не, сұрама не,
Кілті жоқ сандығында сыр жатады.
Жалынышты жыла не, жылама не,
Тұңғиық тереңіне кім батады.

Бөле мейлің, бөлеме шапағатқа,
Жүрегім сыр ашпайды дәлелсізге.
Тұрақтылық болмады-ау махаббатта,
Кілтін іздеп әлде сіз көресіз бе?!

(с) Daure6

0
1
652

Тағы сол ән...

Тағы сол ән...
Тағы биге шақырдым,
Ендім тағы құшағына асылдың.
Сездім тағы алақанның жылуын,
Қуанышты байқатпадым, жасырдым.

Билеймін деп өзегімді өртедім,
Сезім вальсы әуеніне елітеді.
Бір ырғақпен жайлап қана айналып,
Сүйгеніммен билеп жүрмін - ертегі.

Қиналамын, қиындықты жасырман,
Оның жаны таза, алтын, асылдан.
Шоқтан алау жағып көргім келді ме? -
Мен ғой оны қайта биге шақырған.

(с) Daure6

0
2
731

Аққулы көлді Голливуд

2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын киноны да күтетін болдым (бүгіннен бастап, әлі 1 жыл бар екен  ^_^). Өте қызықты болады-ау деген киноның аты - «Қара аққу» («Black Swan»).

Осы киноға деген үмітім зор, неге десеңіз, біріншіден, Натали Портман («V 4 Vendetta» үшін ерекше жақсы көремін), екіншіден, Вайнона Райдер (иә, «Нью-Йорктегі күз» үшін), үшіншіден, кинодағы оқиға балет театрының балериналары жайында. Портман «Аққулы көл» балетіндегі Одеттаның рөлінде; меніңше, шынымен де балеринаға ұқсайды.

Сценарий - Даррен Аронофски, Марк Хейман.

Жанр - триллер, драма.

Әлемдік премьера - 2010 ж. 31 желтоқсан.

Басты рөлде: Н. Портман, В. Райдер, М. Кунис, В. Кассель.

-5
3
1160

Умирзак Шукеев не туралы арман етіп жатыр ?

өкімет атқару тіктері кезек рокировка жолын қуды . Және жаңадан Қазақстанда саяси процестердің талдаушылары айқайлап жібере алды :" қалай жаңғырық таңқаларлық араластырылып жатыр !" Бірақ ешбір зат емес кімді шақырмайды . Мысалы , анау , не вице - Умирзак Шукеев . оңтүстік - қазақстандық облыстары әкіммен бұрынғы премьермен болды қалай мекендеп жатыр , лауазымға тағайындау жанында бұрынғы күзет орнында әкім зор еңбектері белгіленген болатын , бірақ және Умирзака Естаевичаға дейін оңтүстік - қазақстандық облысты артта қалушыны санатта болмады . қандай белгілі , былтыр Умирзак Шукеевтің ОҚОда жедел жүріп кеткен болатын үшін " жоюдың " жанжал зардаптарының балалардың жұғуымен ВИЧ - инфекциямен бірақ практикалық Умирзак Естаевичті істі бітірмеулердің көпшілігін тауып алғанды барлық оңтүстік Қ…

0
6
1466

«Маңғыстаумұнайгазға» жаңа Бас директор келді

«Маңғыстаумұнайгазға» жаңа Бас директор келді «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына Бас директор болып бұған дейін «ТорғайПетролеум» АҚ-ның Бас директоры қызметін атқарған Айдарбаев Алик Серікұлы тағайындалды. Оны «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин мұнайшыларға таныстырды. 2009 жылғы 15 желтоқсанда Акционерлік қоғамның үлкен мәжіліс залында өткен жиында Қабылдин Қайыргелді Мақсотұлы, облыс әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов, мұнайшыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен және Жаңа жылмен құттықтап, жаңа басшылықпен бірге жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді. А.Айдарбаев алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Жетібай мұнай-газ өнд…

0
0
785

осы мен түсінбеймін неге қазақтар өз тілін жек көреді?

осы мен түсінбеймін неге қазақтар өз тілін жек көреді? мен осы блогтарда талай байқадым, өзіміздің қандастар өз тілінде жауап берудің орнына өзге тілде жазады неге? неге өз ана тілде сөйлеген адам оларға жек көрінішті болып корінеді? неге  өзіміздің қандастар өздерінің бауырларын қолдаудың орнына оларга өзге ұлт өкілдері жақын болып көрінеді? неге? неге  адам қазақша жазса ол оларға мәмбет болып көрінеді? неге? неге біз сыпайлыққа келмейміз неге? неге мен және басқа қандастарымыз өзге тілде сөйлеуіміз керек неге? біздің мемлекетте 2 тіл бірдей емес па? алайда қазақ тілі мемлекет тілі емес па? неге қазақ тілінде сөйлетін адамға өзге тілде сөйлеткізеді? әлде бұл ұлтшылдықтың белгісі ма? мен тек бір нәрсе атқым келеді, мен тек өз ана тілімде сөйлеймін! керегі болса егер сонда ғана…

0
3
1002