Мазмұнға өту

Жаңа

Аймалауға құмартамын шашыңды (Сүйіктіме)

Алма бетті кішкентайым, асылым,
Маған қарап күлімдейсің жасырын.
Көздеріңнің мөлдірінен айналып,
Асау өзен көңіліммен тасыдым.

Қолдарыңның нәзіктігін сезініп,
Қабағыңнан көңіліңді тез ұғып.
Сені ойлаумен таң атқанда оянам,
Сені ойлаумен күн батқанда көз іліп.

Ыстық ернің таңба болып басылды,
Шаттық сезім бүршік атып ашылды.
Ай мүсінді келбетіңе бір қарап,
Аймалауға құмартамын шашыңды.

Daure6 (c)

0
1
742

Deadline - өлім сызығы

Ренжітті. Айғайлады. Адам құрлы көрмеді. Құрғырдың телефонына хабарласпасам да болар еді. Таңатпай әлемтапырық болып кетті. Хайырлысы болсын!

Сабырымнан айырмағай!!! Пенде ғой. Ол да пенде ғой. Жұмысын ойлайды. Бастығын ойлайды. Бастығының бастығын ойласа нетті...

Сынайды. Тырнақ астынан кір іздейді.

Deadline-нан дэдлайнға дейін күн көретін болдым. Өлім сызығын аттам өтсем, келесісі шығады. Сабырдан айырма! Жұдырығыңды түй. Алға жүр! Өзің үшін жауап бересің!!!

0
1
532

Алғыс білдіру

Ювижнның бірінші бетіне шығып, бетке ұстарлар қатарында өзімнің жеке шығармаммен орын алу мен үшін үлкен жетістік деп білемін. Өзіме ризамын десем жалған айтқаным болар, оқырмандарға ризамын деу мен үшін парыз сияқты. Құрметті қазақ тілді оқырман, менің жеке шығармашылығыма көңіл бөліп, өлең-жырларымды ұнатып, бағалап, бетке ұстарлар қатарына қосылуға ықпал еткендеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Рахмет, оқырман!

0
2
4431

Нүкте қойма бірге жазған дастанға

Нүкте қойма бірге жазған дастанға,
Мен сыйлаған махаббаттан жасқанба.
Қолда бардың қадіріне көз салып,
Бір жүрейік күн көкжиек асқанда.

«Сүйемін деп жазып қоям аспанға»

Біздің сезім кинодағы әсем ән,
Біздің сезім туған көздің жасынан.
Біздің сезім жүректердің қос үні,
Мұхит сынды толқындары тасыған.

«Сүйем деші, қайталашы басынан»

Саған теңеп аспандағы Ай-Күнді,
Жасыра алман көңлімдегі қайғымды.
Бұл дастанның соңын бірге жазайық,
Әлем сенсіз ажарынан айрылды.

Daure6 (c)

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?!

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?!
Қабағыма қар түскендей күлмедім.
Қарауытып кетті менің көздерім,
Қуанышын бөлісе алмай өзгенің,
Қайран көңіл бір нәрсені іздедің?!

Үзген гүлдей солыңқырап қалдың ба?!
Еритіні бар емес пе қардың да?!
Бүгінгі күн кешегіден тамаша,
Неге көңіл күрең күздей - қараша?!
Талай шаттық күтіп тұр ғой алдыңда!

Сезім-толқын жағалауын тебеді,
Не екен ол - көңілімнің керегі?
Қанша тағдыр қинаса да жаныңды,
Қайта сергіп тулатады қаныңды,
Жайқалтады көңіліңнің терегін!

Көтер басты, күңгірт күнде мұңайма,
Жап-жас терек жел соққанға құлай ма?!
Кемшілігін теріп күллі жаһанның,
Мұңға батып, тығырыққа тақалдың,
Мұндай күй-жай жаратқанға ұнай ма?!

Daure6 (c)

0
7
1264

Қар... Ыстық... Өмір...

Терезенің ар жағында қар жапалақтап жауып жатыр. Дала температурасы нольдің шамасында...

Ішкі дүнием суыққа толыпты... Тер болып ағып жатыр... Температура өлшеуіш қырық градус шамасын көрсетуде... Компьютерім қосылып тұр... Ойнап жатқан әуен де қайғылы... "Сәт" триосының "Көнбегенде қайтеміз..." әні...

Ішім жанып бара жатыр... Басым мең-зең... Басыңды жастықтан көтере алмай жатқан кезде ғана өмірге деген сүйіспеншілігің артады екен, шіркін... Алғашында буындарым қақсап, денем екі күн бойы түршіккенде, теледидардан небір аурулар жайлы естіп жатқанда, жаныңды шүберекке түйеді екенсің... "Құдай сақтасын" деп қорқынышты ары ысырып, күнделікті күйбелеңді сағынады екенсің...

Бұдан былай сау кезімде өмірдің осыншама тәтті екенін ұмытпайын деп тілеймін...

0
5
611

Ғашық жанның хатынан

Жаңбырлы түнде келесің қарап аспанға,
Көзіңде неге мұң тұнды, жаным, неліктен?!
Бетіңнен сүйген тамшыдан салқын жасқанба,
Мен деп біл оны мас болған сендік көріктен.

Құшаққа алып аймалап жүрмін айнала,
Көрмейсің мені адасқан сен деп есінен.
Шашыңнан сенің сипайтын барып жай ғана,
Жел болып соғып, самал боп мәңгі есілем.

Серуендеп жүрген жолыңа жарық түсіріп,
Жұлдыздар жағып нұрлы бейнеңді көрем де,
Қалаған сәтте жарықты бір сәт өшіріп,
Ай болам, жаным, ай болам түнде төбеңде.

Оянған сәтте ұйқыңнан тәтті, аяулым,
Өзіңнен сұлу, өзіңнен көркем болмайды-ау.
Таң шапағыменен алтынға, шіркін, бояулы,
Күн болып, жаным, күн болып сүйем маңдайдан.

Daure6 (c)

0
2
563

Интернеттің қазақ тілді бөлігі: форумдар

Внимание: В этой записи я делюсь своим взглядом на счет казахоязычной части Казнета. Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді. Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақтілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігі кеңейгендімен байланыстырамын. Мәселен, осы уақытқа дейін интернетте көбіне қаланың орыстілді жастары белсенді болып келсе, соңғы жылдар ішінде форумдардан түкпірдегі ауылдың оқушылары да өз үндерін білдіре бастады. Интернеттің бағасы қымбат болған тұста, әлемтор көбіне жұмыс мақсатынд…

Алғашқы қадам . . .

Ассалаум оқырман !

Алай қарап, былай қарап, "әйтеуір" деп бастадық блогты.

Қазнетте "жжэшка" тұрпатты  қозғалыс бар болғанына таң болдым. "Френдлента" сөзін көрісімен-ақ "жеткен екенбіз!" деп ойладым. Осында да "мыңдықтарын" жинаған, кеуде қағып "мен-менсіген" талайлар шығатынына күмән жоқ.

Дегенменен, бастамасы әдемі. Дизайны мен түрі жақсы "увижннің". Ал онда кімдердің мекендейтінін уақыт көрсетеді.

0
5
607

Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда?

24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені - Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды. Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны ізде…

-6
0
2709