Мазмұнға өту

Жаңа

PR- дың туған куні !

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универиситетінің  Журналистика Факультетінде жаңадан ашылған PR яғни  "Қоғаммен байланыс және Жарнама " кафедрасының ақпан айының 14 -сі  күні туған күні боды. Бұл ерекше  күнді атап өту үшін PR- студенттері  мерекелік іс- шаралар ұйымдастырды. Белсене қатысқан 105 топ студенттері  пиар туған күніне  үлкен концерт қойды. Концертке журналистика факультетінің ұжымы , кафедра оқытушылары,   журналистика факультетінің студенттері келді. Концертте көптеген пиарға байланысты жаңадан әндер,  орындалды және PR- дың ән ұраны осы күні дүниеге келді. Көрерменнің көңілінен шыққан бұл концертте " Золушка "қойылымы  нағыз пиаршының өмірдегі атқаратын жұмысын сипаттады  сонымен…

0
1
370

ҚазҰУ-не Yandex және barcamp директорлары келді!!

19.02.2011 жұлдызында ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің болашақ PR-шыларға, Yandex және barcamp-тің директорлары және ұйымдастырушылары келді. Олар сайтпен қалай жұмыс істеу керектігін үйретті және де осы сайттың ерекщеліктерін айтып өтті.

0
0
463

Қазақстан Республикасында PR-дың 10 жылдығы атап өтілді!!!!!

ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің 105 және 109 топ студенттері PR-дың 10 жылдығына орай кеш ұйымдастырды.

14.02.2011 жұлдызында 109-топ студенттері PR-дың ашылу салтанын жасады. Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Кештің ең басты қонағы "Сказ о розовом зайце" киносындағы басты актерді шақырды.

18.02.2011 күні 105-топ студенттері PR-дың жабылу кешін өткізді. Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылар өте жақсы дайындалған.

0
0
488

Оқушыларға арналады...

11 сынып, мектеп бітіретін кез... Бойыңа сыймайтын, керемет болашаққа деген сенім!.. "Кім болам? Қайда оқуға түсем? Армандарым орындалады ма?" Осы сұрақтар бойыңды билейді.

Қазіргі түлектерді білмеймін, өзімде дәл осылай болған. Дәл сол кезде маған ақыл айтар (қажетті сайттарды білетін адамдар) ешкім болмады.

Сол үшін түлектерге берер кеңесім, ZUBBR сайтын көріңдер. Болашақ бағдарламасымен шетелдерде білім алған, тәжірибелері мол адамдар онда көп. Тіпті, ЕНТ сұрақтарының базасы құрылған! Егер мектеп қабырғасынан кейін шетелде білім алғың келсе, тағы сол сайтқа кір!

0
0
478

zubbr.kz сайтына кіріңіздер!

Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика факультетінің қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасында білім аламын. Бізге 19,02 күні тобымызға келген қонақтарға өте риза болдым. Олардың лекцияларында маған қатты ұнағаны zubbr.kz  сайты. Осы сайтта болашақ абитуриенттерге қандай ЖОО оқу орнына түсуге болатынын, қандай мемлекетте сапалы білім алуға болатындығы туралы көбірек мәлімет берілген. Біздің Айгерім Бегалиева апайымызға улкен алғысымызды білдіреміз және де осындай қонақтарды лекциямызға шақырғанына!

0
0
516

«Қазақтелеком» АҚ iD Phone жаңа телекоммуникациялар шешімін ұсынады

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан байланысының жетекші операторы абоненттердің жаңа қызметтерін беру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. iD Phone – SIP хаттамасы негізінде деректер беру желістері бойынша ұйымдастырылған телефонияның жаңа мүмкіндіктері. iD Phone шешімі деректер беру желісіне кең жолақты қатынау қызметі арқылы беріледі және Қазақстан Республикасы аумағында бірыңғай виртуалды офистік стансы ұйымдастыруға және пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай нөмірді пайдалану мүмкіндік береді.
iD Phone қызметі ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысында жіберілді және қажет еткен барлық абоненттерге беріледі.

Толық ақпарат: http://www.telecom.kz/ сайтында.

0
0
746

Тойдың болғанынан боладысы қызық!

Алдында айтып кеткенімдей, ҚазҰУ университетінің Журналистика факультетінің "Қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрасының 10 жылдығына орай осы факультеттің 105 топ студенттері концерт ұйымдастырдық.

Қазақ елі айтқандай "тойдың болғанынан боладысы қызық" болды.

Біріншіден, концертке "шынайы" дайындық  соңғы 3 күн ішінде болды. Екіншіден, 25 адамнан тұратын топта концертке 5-6 адам ғана дайындалды. Үшіншіден, концерт болатын залда алғашқы дайындық дәл концерт басталғанда болды.

Концерт сценарийі, номерлер қайталанбас қызық болды. Әсіресе, өзіме ұнағаны жүргізушілердің концертті басқарғаны.

Концерт керемет деңгейде болды деп айта алмаймын. Дегенмен, топтың ішінде ұйымшылдық, сыйласымдылық және ауызбіршілік бар екенін көрсете алдық деген ойдамын.

0
1
1618

barcamp сайтының жиналысы өтпекші

15-17 сәуір аралығында  KIMEP университетінде barcamp сайтының жиналысы өтеді.

Онда сіздер өз мамандығын жетік білетін  адамдармен кездесе аласыз. Тіпті онда өз презентацияларыңызды таныстыруыңызға болады.

Толығырақ ақпаратты http://barcampkz.net/ сайтынан аласыздар.

0
0
425

Barkampkz.net сайттарының мүшелері.

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасының 105 қазақ тобында 19,02 күні Ирина, Инесса және де Жанат атты қонақтар лекцияға қатысты. Олар Barkampkz.net сайттарының мүшелері. Жанат yandex.kz әлеуметтік сайтының ұйымдастырушысы болып табылады. Олар көптеген өздерінің қызықты оқиғаларын айтып берді және де көптеген қазақша әлеуметтік сайттарды әңгімеледі. Мысалға:zubbr.kz ,yandex.kz , twitter.com деген сияқты. Бізге бұл өткен лекция өте ұнады!

0
0
373

Yandex директоры мен barcamp-тің Қазақстандағы ұйымдастырушылары ҚазҰУ-ға келді!!!

Ақпанның 19-на  Yandex директоры мен barcamp-тің Қазақстандағы ұйымдастырушылары ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, Пиар кафедрасына, яғни, бізге келді. Олар өздерінің жұмыс барыстарын, бұл жұмысқа калай келгендігі жөнінде бізге баяндады. Өздерінің бастан кешкен оқиғаларын айтты.

0
0
545