Уақыттарыңыз болса оқып тастаңыздар
Менің ойымша қызықты жаңалық - http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_kazakh_language_bill_roundtable/1828028.html
@skakov
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
5
пікірлер
7
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
5
пікірлер
7
тіркелуші
8
жазылу
1
Менің ойымша қызықты жаңалық - http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_kazakh_language_bill_roundtable/1828028.html
Выступление Медведева на казахском языке
Назарларыңызға Ресей елбасы Дмитрий Медведевтің қазақша сөзің ұсынамың. Біреудің сенің тілінде сөйлескені қандай жағымды! Біз де одан артта қалмайық, достарым.
Бүгін Қазақстанның елшілігіне барып біраз ұялып қалдым. Өзім тіркелемін деп келдім де, консулдық бөліміне кірдім. Ішінде бір баған тұрды. Оған жақынырақ келсем, үлгі өтініштердің барлығы қазақ тілінде екен. Өнімсіз түрде орысша жазылған улгілерді іздеуге бастадым. Бірден өзімді тоқтатып, ойланып қалдым. "Не істеп тұрсын?"-деп өзіме сұрақ қойдым. "Қазақ тілін құрметтеуге шақырып, енді қашасын ба?"-қосып қойды ақылды санам. Ойымдағы екі нәрсенің күресің сездім. Бір жақтан "Қойшы, орыс тілін жақсы білесін ғой"-деп естідім, және оған қарсы "Сен кім болғанын ұмытпа"-деді ішімдегі дауысым.
Әй, не деген адаммың. Қазақ тілімен қарым-қатынасым қандай жағдайға жетті! Осы мәселенің бой көрсетуің қалай жеткіздім? Жазықты менмің, ендіше жазығымды түзетуім керек.
Екі-үш апта ішінде жазғаныма ешкім жауап бере алмады. Дәнсіз видео-фотоларға айтатынын тауып, мен көтерген мәселені елемеулеріңіз дұрыс болды достарым.
Не істесендер істей беріндер, бірақ та мен жазуды қоймаймын. Мүмкін, бір күні бір адамның жүрегіне жете аламын.
Осы блогты Қазақ тілінде жүргізгім келеді. Неге десен, мәселен оп-оңай - өзім Қазақ емеспін бе? Расында, ана тілімді қаншалықты сүйгенімді тек қана кеткенде тусіндім. Абу дабиге келгелі қазақтарды не көрген, не естіген емеспін. Университетімізде әлемде болған елдердін көбі бар. Америкалықтармен ағылшын тілінде, орыстармен орыс тілінде, түрікпен түрік тілінде - ал қазақ тілін түсінетін ешкім де жоқ. Сондықтан жүрегім ауырып, өз тілімді аңсап кетті. Онымен қатар, ойланып осындай қорытындыға жеттім: біз, қазақтар, өз тілімізден ұялатын екенбіз. Өз араларымызда сөйлескенде орыс тілін артық көреміз. Осыдан ұялуымыз керек. Мен, орыстар мені казақпен орысша сөлейсіп көргеннен қорқамын. Олар біз туралы не ойлап түсінгеннен зәрем ұшады. "Қазақтарға қарашы, өз тілдері жоқтай біздің керемет тілімізд…