Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Интернет желісіндегі Интерент - Қазнет.

Жаңа технологияның дамыған кезеңінде біздің елімізде де көптеген игілікті істер атқарылып жатыр.  Соның бірі қазіргі қоғамда өте қажет интернет желсі. Интернет желісі арқылы әр адам көптеген ақпараттармен , жаңалықтармен таныс бола алады.Сонымен қатар, көптеген сайттар арқылы қоғамның ой пікірін білуге, алмасуға мүмкіндіктер туғызады. Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігі. Қазнет ақпараттық ресурстар желісінің, ақпараттық-телекоммуникациялар жүйесі мен желісінің, ұйым мен азаматтардың ақпаратпен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін, оларды жүргізу және пайдалану технологияларының, сондай-ақ олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру жиынтығынан тұрады. Желілік ақпарат ресурстар - веб-сайттары Қазнеттің негізгі бөлігі болып табылады. Қазнеттің ресми тарихы 1994 жылғы 19 қыркүйектен басталады.  Ал 1995 жылы маусым айында бірінші қазақстандық веб-сайттардың - Kazakh Internet Yellow & White Pages (қазір жұмыс істемейтін) каталогы шықты. 1997 жылы желтоқсан айында қазіргі уақытта ең танымал қазақстандық веб-ресурстар рубрикаторы каталогының - "Весь WWW Казахстан" (Catalog.Site.KZ) жобасы шықты. Қазнет желісі ресурстарын контентпен толықтыру бірінші кезектегі және басым роль атқарады.

0
0
1734

Осы тақырып бойынша

Интернет желісіндегі Интерент - Қазнет. - Yvision.kz