Мазмұнға өту

Жаңа

«PR және жарнама» кафедрасының құрылғанына 10жыл!

18.02.2011жылы ҚазҰУ-дың 3-ші залында «PR және жарнама» кафедрасының туған күні болып өтті. Туған күнге көрермендер көптеп жиналды. Осы айтулы туған күнді 105-топтың студенттері қызықты концерт ретінде ұйымдастырды. Концерттің барысы әзіл-қалжыңы аралас болып, көңілді өтті. Көрермендер өздерінің қошеметтерін көрсетіп, біздің өнерімізге тәнті болғандарын ду-қол шапалақтарының арқасында байқадық. Концертті ұйымдастыру барысында біраз қобалжулар мен толқулар болғанын жасыра алмаймыз. Концертті Дарын және Асқар есімді жігіттер өз деңгейінде жүргізді. Олардың маңдай термен жасаған сценерийлері көрермендер көңілінен шыға білді. Концертімізге еліміздің президенті «Н.Ә.Назарбаев» арнайы келіп, өзінің ақ тілегін білдіріп, сөз сөйледі.  Ең басында сахнаға шығуымыздың өзі неге тұрады,-десеңізші…

0
0
548

жаңа технологиялардың бірі-4G ұялы байланыс телефоны

Уақыт өткен сайын жаңа технологиялар жақсы қарқынмен дамып келеді. Бүгінгі алған білім-тәлімің кейінгі кездері жарамсыз болып жатса, таң қалмаңыздар. Алғашқы компьютерлер бір бөлменің көлеміндей үлкен болса, ал  қазір көзге көрінбестей кішкентай етіп жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы  дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелу үстінде. Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, ХХ- ғасырдың 80-ші жылдарындағы дисктердің  ақпарат сақтау қабілеттілігі небары 2,5GB болса, ал қазіргі күндердегі бір ғана MicroSD Card-тардың сыйымдылығы 32GB. Сыйымдылығы жағынан да  көлемі жағынан да бағасы жағынан да екеуінің айырмасы ”жер мен көктей” деңгейде тұр. 4G (Fourth Generation of cellular wireless standards) -ұялы…

0
0
1580

Жұмағұловтың жауы жастар ма?

Жұмағұлов жеткен екен. Жетіскен екен. Білім министрін айтамыз. Жетіскені емей немене, жерден жеті қоян тапқандай жастарды жау көріп отыр. Парақорлар мен жемеңгерлердің жағасына жармаспаңдар, оларды өзім қорғаймын деп отыр. Естеріңізде болса жақында елімізде студент жастардың (ЖОО-дағы парақорлықтан әбден жалыққан) ұйымдастыруымен "Взяточник.инфо" деген сайт ашылғанын хабарлаған болатынбыз. 7-арнаның айтуынша, білім министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза сайттағы ақпараттың ешқайсысына сенбейтін көрінеді. Ол «Бұл тізімге әркім өзіне ұнамаған адамды кіргізе беретін болар» деп сенімсіздік танытыпты. Дегенмен, өзі осы сайтты жасаған жастармен кездесемін деген екен. Ал жастар министр жұртқа көз қылып өтірік айта салды, бізбен әлі кездескен жоқ, ондай ниеті де жоқ. Есесіне, қалай да амалын тауып сай…

0
1
738

Сәукеле, шашбау, білезік, сырға жарасар қазақ қызына…

Көкенов Тыныбек Ахметқалиұлы қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттап жүрген зергер ТІЛ: Тыныбек мырза, біздің халқымыздың тарихында жасаған бұйымдары талайды тамсандырған зергерлер көп болғанын, біздің халық үшін бұл өнердің жат еместігін жақсы білеміз. Бүгінгі күні де арамызда қазақтың ұлттық қолөнерін жетілдіріп, әдемі де айшықты небір бұйымдар соғып жатқан зергерлер жоқ емес. Сіздің туындыларыңыз да ерекше бір ықыласпен, қажырлы еңбекпен жасалған дүниелер екені байқалады. Бүгінгі күні қазақ зергерлік өнерінің жағдайы қалай, қазақ зергері ретінде өмір жолыңыз қалай қалыптасуда? —Біздің тарихымызда зергерлік өнердің небір тамаша түрлері болғанын қазба жұмыстарынан табылған дүниелерден көріп жүрміз ғой. Алтын мен күмістен жасалған талай бағалы дүние музейлерде сол тарихтың өшпестігін дәлелде…

0
0
43272

Қызықты лекция

5.02.2011 жылы бізге,  лекцияға Ибраева Тоғжан келді. Ол  лекцияда мені қызықтырған,маған ұнамаған, және ұнаған нәрселер болды.

Қызықтырғаны:

  • [email protected] атты жобасы.
  • Бұндай жобаны бізде КазҰУ –да жасай алатынымыз.

Ұнағаны:

  • Қазақстандық сайттарды көп оқу керектігі.Мысалы: zakon.kz, kiwi.kz , nur.kz.
  • facebook.com жаңалақтарды осы жақтан оқу керектігі.

Ұнамағаны:

  • www.mail.ru сайтындағы жаңалықтарды оқымандар дегені,өйткені ол жақта да жаңалықтар оқуға болады.
0
1
425

Әсетпен кездесу өтті

Қаңтар айының 26─сында біздің топ блоггер Әсет Нұрпейісовпен кездесу өткіздік. Әсеттің өткізген лекциясы қызық өтті. Блог жазуды енді бастаған біздер үшін бұл лекцияның маңызы зор болды. Әсет интернет, блог, сайттар туралы көптеген қызық мәліметтер беріп кетті.

0
2
530

PR маманы білуі тиіс терминдер тізімі


  • Пресс релиз - баспасөз маслихатына арнап жазылады. Ең бастысы тақырып. Мәлімет көрсеткіштері болуы тиіс.
  • Бэкграундер - шақыру көлемі пресс релизге қосымша 4-5 парақтан тұрады. Ағымдағы болып жатқан іс - шараның жаңа бағыттары туралы ақпарат.
  • Байлайнер - корпоративтік басылымдағы компанияның бірінші басшысының  тұтынушыларға арналған сөзі. Астына бірінші басшының қолы қойылады. Бірақ мәтінді PR маманы жазады.
  • Лид - мақаладағы ең маңызды алғашқы абзац. Классикалық лид алты сұраққа жауауп береді, олар: қашан? қайда? не? кім? неге? қалай?
  • Кейстор - Компанияның жарқын іс -әрекеттерінен алынған мысалдар.
  • Қара PR - белгілі бір жанды немесе жансыз объектінің имиджін түсіру мақсатындағы іс-әрекет.
  • Блог - жүйелі түрде мәтіндермен, суреттермен, мультимедиалармен жаңарып тұратын веб-сайт.
0
3
9060

КАЗҰУ-ға Әсет Нұрпейісов келді!

26.02.2011 КазҰУ-ға ,яғни  бізге, PR қазақ тобына Әсет Нұрпейісов өз лекциясын жүргізуге келді.

Ол бізге блогқа жазу үшін текстің уақыты, мерзімі, орны болу керектігін айтып кеткен болатын. Және abai.kz, oitobe.kz, malimetter.org - осы сайттар туралы көптеген мәліметтер берді. Бізге өте пайдалы лекция болды.Сұрақтарымызға жауап беріп отырды.

0
4
683

Қара PR KazNET қызметінде!!!!

  • KazNet-баста назарда!!! Оны Қара пиар вирусы шабуылдауда. Бұндай диагнозды қазақстандық интернет-бірлестіктің белсенділері қойды.Бұған танымал "Центр тяжести" атты веб-форумы айналасында болған жанжалды көрнекі мысал ретінде көрсетті!
0
4
508

Бүгінгі Асхат Еркінбаймен кездесу

Бүгін 26.02.2011 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі журналистика факультетінің   қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері Асхат Еркінбаймен кездесу ұйымдастырды. А.Еркінбай Қазақстандағы бірден -бір блог сайттарын құрушы адам. Бұл кездесуде студенттерге блогпен қалай жұмыс істеу керек екендігі туралы және интернет жайлы біраз ақпараттар беріп өтті. Кездесу қызық өткені сонша 2 сағат тез өте шықты. Студенттер бұл кісіге өздеріне керекті сұрақтар қойды. Осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін Айгерім апайға алғыс білдіреміз.

0
2
813