Мазмұнға өту
aijanka

Айжанка Жолдасбаева

@aijanka

Сайтта 2011 ж. 3 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

12

пікірлер

2

тіркелуші

10

жазылымдар

11

Көктем аруы және көктем сұлтаны

Сәуірдің 14-ші жұлдызында ҚазҰУ-да "Көктем аруы және көктем сұлтаны" атты сайыс өтті. Сайысқа қатысушылар журналистика факультетінің студенттері болды.

Күнді жылытып, көңілді көтерген көктемнің әдемі күнінде болған бұл сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Студенттер жақсы дайындықпен келген. Сонымен, сайыс жеңімпаздарына, яғни көктем аруы мен сұлтанына тағайындалған жүлде - Ыстықкөлге 10 күндік жолдама болды. Бұл кеш барлығымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!

0
1
767

Студенттік көктем - нағыз көктем!

Наурыздың 29-шы жұлдызында ҚазҰУ-да "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауының бірінші кезеңі өтті. Бұл сайыс ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып дайындалды. Он түрлі аталым бойынша өткен жарыс өте тамаша өтті. Студенттер шынында бар ықыласымен дайындалған, бірінен бірі керемет! Университетімізде осындай қызықты шаралар көп ұйымдастырылып тұрады, сол үшін қуаныштымын. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.

0
1
709

Бәріміз күлейік))

1 - сәуір күлкі күнімен барша достарымды құттықтаймын!!! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін! Күлкі деген - өмірді ұзартады дейді, сондықтан әрдайым көңілді жүріңіздер!  Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ болсын!

0
1
807

Самсон Безмятежныйдың лекциясы!

 19 наурыз күні бізде, қоғаммен байланыс кафедрасында Самсон Безмятежныйдың лекциясы өтті. Самсон yvision.kz сайтының менеджері. Лекция барысында ол бізге осы блог платформаның PR маманға өте қажет екендігі жайлы толығырақ түсіндірді. Қазақстандық сайттар жайлы да әңгімеледі. Лекция өте ұнады.

0
2
485

Алима Есенбаеваның лекциясы

 12-ші наурыз куні ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қоғаммен байланыс кафедрасында  BAT компаниясының PR маманы Алима Есенбаеваның лекциясы өтті.

British American Tobacco - халықаралық  темекі өңдейтін өте үлкен компания болып табылады. Қазіргі кезде Темекіні ашық жариялауға, жарнамалауға заңмен тыйым салынғандықтан, бұл салада жұмыс жасаудың көптеген қиындықтары бар. Лекцияда Алима апай сол қиындықтарға қарамастан компанияны өсірудің түрлі PR тәсілдерін айтып түсіндірді. Сонымен қатар, өзінің жұмысы жайлы да біраз мағлұматтар берді. Бұл лекция біздің мамандығымыз жайында болғандықтан, Алима апайдың лекциясы бізге қызық болды.  

0
0
463

Болат Атабаевпен өткен кездесу

Қаңтардың 28-і күні ҚазҰУ-да атақты режиссер Болат Атаабаевпен кездесу болды. Болат ағай өзінің қызықты әңгімелерін айтып, болашақта бізге қажет нәрселерді үйретті. Біздің ол кісіден аларымыз мол екен.

Осындай өмірден тәжірибесі мол Болат ағаның әңгімесінен көп нәрсені өзіме сабақ еттім!

0
0
464

Тоғжан Ибраевамен кездесу.

Ақпанның 5-і күні PR-да Ибраева Тоғжанмен кездесу өтті. Лекция барысында біз көптеген өзіміз үшін жаңа мағлұматтар алдық.Тоғжан Ибраева бізді [email protected] жобасымен таныстырды. Бұл жобаның бір артықшылығы оны ҚазҰУ-да да жасауға болады екен. Бұл лекциядан түсінгеніміз, жаңалықтарды facebook.com-нан оқыған дұрыс екен.

0
0
430

ҚазҰУ-ға қонақтар келді

19-шы ақпан күні ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, PR кафедрасында Yandex директоры және  barcamp-тің Қазақстандағы ұйымдастырушысы қонақта болды. Өз жұмысының мықты мамандары бізге  жетістіктерінің құпияларын ашып, осы салаға қалай келгендерін айтып бөлісті. Бізге ақыл-кеңестерін берді.

0
0
422

PR-ға 10жыл!

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің PR кафедрасына биыл 10 жыл толды. Онжылдықтың ашылу салтанаты  ақпанның 14-ші жұлдызында PP-дың орыс тобы ұйымдастыруымен өтсе, жабылу салтанаты 18-ші ақпанда  аталмыш мамандықтың қазақ бөлімінің ұйымдастыруымен тамаша деңгейде өтті.

«Көңілді the end» деген тақырыпта өткен жабылу салтанатында қазақ тобының студенттері өздерінің  идеяшылдығын және отансүйгіштігін көрсете білді! Мерекеде шырқалған  гимн, арнайы дайындалған ұран және логотиптері осының айқын дәлелі болды.

0
0
410