Кәмелетке толмаған балалар арасындағы суицидке қоғам жауапты
Имейте мужество жить. Умереть-то любой может Роберт Коди Суицид. Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді. Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек…
