Мазмұнға өту
nk92

nk92

Сайтта 2011 ж. 4 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

19

пікірлер

15

тіркелуші

17

жазылымдар

27

Сәтті кездесу

Ақпан айының 26 жұлдызында ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде 105 топ студенттері Әсет Нұрпейіспен кездесті.

1 сағаттық кездесу -  уақыттың аздығына қарамастан, өте жақсы өтті. Келген қонақ:

  • Ақпарат арналары жайлы көп ақпарат берді;
  • Қызықты пост жазудың қыр - сырын үйретті;
  • Көптеген қазақша сайттар жайлы ақпарат берді;
  • Интернет жайлы қызықты кеңестер берді.

Мұндай кездесулер, бізге болашақта көп көмек береді деген ойдамын. Себебі, дәл осындай адамдармен кездесу өткізіп, ақпарат алмасқан қажет емес пе?..

0
1
446

Оқушыларға арналады...

11 сынып, мектеп бітіретін кез... Бойыңа сыймайтын, керемет болашаққа деген сенім!.. "Кім болам? Қайда оқуға түсем? Армандарым орындалады ма?" Осы сұрақтар бойыңды билейді.

Қазіргі түлектерді білмеймін, өзімде дәл осылай болған. Дәл сол кезде маған ақыл айтар (қажетті сайттарды білетін адамдар) ешкім болмады.

Сол үшін түлектерге берер кеңесім, ZUBBR сайтын көріңдер. Болашақ бағдарламасымен шетелдерде білім алған, тәжірибелері мол адамдар онда көп. Тіпті, ЕНТ сұрақтарының базасы құрылған! Егер мектеп қабырғасынан кейін шетелде білім алғың келсе, тағы сол сайтқа кір!

0
0
464

Тойдың болғанынан боладысы қызық!

Алдында айтып кеткенімдей, ҚазҰУ университетінің Журналистика факультетінің "Қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрасының 10 жылдығына орай осы факультеттің 105 топ студенттері концерт ұйымдастырдық.

Қазақ елі айтқандай "тойдың болғанынан боладысы қызық" болды.

Біріншіден, концертке "шынайы" дайындық  соңғы 3 күн ішінде болды. Екіншіден, 25 адамнан тұратын топта концертке 5-6 адам ғана дайындалды. Үшіншіден, концерт болатын залда алғашқы дайындық дәл концерт басталғанда болды.

Концерт сценарийі, номерлер қайталанбас қызық болды. Әсіресе, өзіме ұнағаны жүргізушілердің концертті басқарғаны.

Концерт керемет деңгейде болды деп айта алмаймын. Дегенмен, топтың ішінде ұйымшылдық, сыйласымдылық және ауызбіршілік бар екенін көрсете алдық деген ойдамын.

0
1
1602

Әлемде түрлі қызық бар!!!

Мен ҚазҰУ университетінің Журналистика факультетінде білім алудамын. Осы жылы ақпанның 19-да мен өмір жолдары шынайы қызық адамдармен таныстым. Олардан көптеген қазақстандық сайттар жайлы ақпарат алдым. Мысалы, Гарворд университетінің студенттері жасаған NEWEURASIA cайты. Бұл сайтқа 5 жыл толды.

Шынымен, көптеген қажетті ақпарат алуға болады...

0
0
711