Мазмұнға өту

Жаңа

ҚазҰУ-да “Студенттік көктем – 2011” көркемөнерпаздар байқауы басталды!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған “Студенттік көктем - 2011” көркемөнерпаздар байқауы басталды. ҚазҰУ-дың Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтіп жатқан өнер байқауында университеттегі факультеттер мен колледж студенттері өз шеберліктері мен таланттарын паш етті. Мұнда өнерпаздар түрлі халық биі, заманауи би, классикалық би, кешті жүргізу шеберлігі, ерекше өнер, авторлық шығармашылық сияқты өнер түрлерінен бақ сынасты. 2000-нан аса студент өнер көрсетіп жатқан байқауда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап авторлық өлең туындылары оқылды. Осы орайда ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент директоры Гүлнар Әлібекқы…

0
0
816

Күлкі күні - День смеха

Бүгін халық арасында 1 сәуір күлкі күні немесе день смеха деп айтылуда немесе солай  қабылданған. Сонымен қатар күлкі күнінде міндетті ретінде алдау, өтірік айту қажет деп те айтылып жүр. Бұл алдау, өтірік айту мұсылман баласына қажет пе, өтірік айтып, алдап Алла алдында күнәға қаламыз ба деген заңды сұрақ туындайды. Әлде күлкі, әзіл жағдайы болуы үшін өтірік айтпай, алдамай әзілдесуге болмай ма? Кім осыған қандай ой айтады?

1
0
791

Қазақ блокшыларының бас қосуы!

Алматыда 19-20 наурыз күндері"Мінбер","Медианет","As-Club","MediaLab" журналистік орталықтарының ұйымдастырылуымен тұңғыш рет қазақ блокшыларының бейресми бірінші құрылтайы өтті.Құрылтайға Қазақстан,Қытай,Моңғолия,Еуропаның 150-ге жуық белсенді блокшылары қатысты.Олардың қатарында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары,белгілі қоғам қайраткерлері,IT мамандарда бар.Қазіргі кезде қазақ тілді блокшылардың азаматтық қоғамды,ҚазНетті дамытуға белсенді үлес қосып отырғаны белгілі.Бнгінде Қазақстанда қазақ тілінде жазатын 300-ге жуық белсенді блокшы бар.Қазақ блокшылары бірігіп,"Блог Құрылтай 2011" деген атпен блогшылардың алғашқы құрылтайы өткізілді."BlogCamp"-тің мақсаты-ашыұ әңгіме,пікірталас,ұсыныснегізіеде қазақ тіліндегі жаңа медиа кеңістіктегі серпін беріп,сапасын арттыруға ықпал ету.Жиын…

0
0
445

Жаратушының жақсылығын ұғыну – әр пенденің борышы

Жаратушының жақсылығын ұғыну – әр пенденің борышы Аллаһ тағала жер мен көктегі барлық нәрсені адам баласының игілігі үшін жаратты. Сансыз нығметтер берді. Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінген: «Аллаһ көктер мен жердегі барлық нәрсені өз тарапынан (сый ретінде) сендерге бағынышты етті. Әлбетте, ой жүгірте білген қауым үшін мұнда тұнып тұрған ғибраттар бар» (Жасия сүресі, 13-аят). «Аллаһ көк пен жердегі барлық нәрсені сендерге бағынышты етті. Сондай-ақ, сендерге ашық әрі жасырын түрде қаншама нығмет жаудырды. Мұны көрмедіңдер ме?!» (Лұқман сүресі, 20-аят). «Аллаһ сұраған нәрселеріңнің барлығын сендерге берді. Аллаһтың нығметтерін санайтын болсаңдар, оларды әсте санап тауыса алмайсыңдар. Расында, адам баласы тым залым, жақсылықты білмейді» (Ибраһим сүресі, 34-аят). «Аллаһтың нығметтері…

0
0
2044

Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы

Наурыз-күн мен түннің теңеліп,табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп,жаңаратын кезі.Наурыз-ел-жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен шығып,бір-бірімен құшақ жайып,емен-жарқын табысатын айы.Наурыз-табиғат атаулының тіріліп,өмірге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы.Наурыз жаңа күн деген мағына білдіреді.Бұрын халқымыз Наурызға ерекше дайындықпен келген.Әрбір отбасы үйіне қос шырақ жаққан,ыдыстардың бәріне ақ құйған.Бұл адамзаттың Табиғат-анаға деген тағзымын көрсетеді деп сенген.Ауылда наурыз айы келгенде бұлақтардың көзін ашып,ағаштар отырғызады.Елдегі ағайындардың барлығы наурыз күні бір-бірімен көрісіп,құшақтасып,реніш-өкпелерін ұмытып, наурыз көже ішіп жатады.Түрлі жарыстар,бәйгелер ұйымдастырылады.Қазақтың қазақ екенін,тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке-наурыз болуға тиіс.Т…

0
0
2213

Туған күн

Көзі қарақты көрермен таңертеңгілік "Іске сәт" бағдарламасында жаңа айдар ашылғанын байқаған болу керек. Бұдан былай біз "Хабар" телеарнасында туған күн иелерін құттықтаймыз. Айта кетер жайт - тек қана әйгілі азаматтар емес, қарапайым көрермендерді де мереке күндерінде қуантатын боламыз. Ол үшін [email protected] не болмаса, осы блогқа хат жолдап, аталған күні сағат 7-ден 10-ға дейін жанұяңызбен теледидар алдында жиналып, бір марқайып қалмайсыз ба?!

Сен туған күн - мерекеміз,
Ән бастайық, кел екеуіміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн!

Жан жолдас, туысыңыздың туған күні есінде ұзақ уақытқа сақталып, арайланып атқан таңы көтеріңкі көңіл күй сыйласын десеңіз, бізге ХАБАРласыңыз!

Іске сәт!

0
5
1053

Астанада алғаш рет ислам экономикалық форумы өтеді

      Астанада  алғаш рет 7 ислам экономикалық форумы өтеді.Бұл  туралы    Астанада  өткен  Қазақстан  және  ТМД  елдерінде  исламдық  қор  нарығын  дамыту атты  2 қазақстандық исламдық  қаржыландыру  конференциясында  айтылды. Атап  айтқанда, премьер-министрдің  орынбасары ,индустрия  және жаңа технологиялар  министрі  Әсет  Исекешовтің  сөзіне қарағанда, аталған  экономикалық  форумға  Ислам  конференциясы  ұйымына  мүше  57 мемлекеттен 2,5  мыңнан астам  инвесторлар  қатыспақ. Аталған  форум  биыл  7-9 маусым аралығында өтеді. Еске сала кетейік,биыл Қазақстан Ислам конференциясы  ұйымына төрағалық  ететін  болады.  

0
0
469