Жүректің құны.................




Наурыздың 29-шы жұлдызында ҚазҰУ-да "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауының бірінші кезеңі өтті. Бұл сайыс ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып дайындалды. Он түрлі аталым бойынша өткен жарыс өте тамаша өтті. Студенттер шынында бар ықыласымен дайындалған, бірінен бірі керемет! Университетімізде осындай қызықты шаралар көп ұйымдастырылып тұрады, сол үшін қуаныштымын. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.
Компаниядағы пиар қызметінің жұмысы қалай өнімді болады – ұйым ішінде толыққанды департамент болғанда ма (in-house), әлде толығымен арнайы мамандандырылған пиар агенттіктерінің (outsourse) қызметіне жүгінгенде ме? Бұл сұраққа жауап іздемес бұрын төмендегі жайттарды ескерген абзал. Компанияның ұйымдық құрылым аз қысым көрсеткен сайын, кез келген аутсорсинг тәрізді, олар да қызметақысын қымбаттатады және құпия сақталуы тиіс ақпараттарды бақылау мүмкіндігі шектеледі. Жақсы жарнама жасау үшін пиар агенттігі негізгі ақпарттармен таныс болуы тиіс, алайда жеке ақпартты агентікке айтсаңыз (құпияны таратпау туралы келісімге қол қойғанның өзінде), кейін ол оны компанияда қарсыөз пайдасына қолданып, оның тұтқынына айналуыңыз әбден мүмкін. Оның үстіне пиар қызметін көзден таса қылуға болмайды. Мәселе…
Соңғы кездері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым кеңінен тарап келе жатыр, алайда оны халық қайырымдылық шаралары ретінде қабылдайды . Қайырымдылық немесе филантропия компанияның әлеуметтік жауапкершілігне кіретін бір бөлігі ғана. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – бұл компания өз бизнесін жүргізгенде, ең алдымен,қоғамның мүддесімен санасу керектігі және қызмет көрсетіп отырған тұтынушылары мен компания қызметкерлер, мердігерлері мен акционерлері, сонымен қатар өзге де стейкхолдерлер алдындaғы жауапкершіліктісезіне білуі тиіс екендігі бекітілген тұжырымдама. Ал Қазақстандық компаниялардың халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, барлық салықты төлеп отырғанын әлеуметтік жауапкершілік деп санауы жоғарыдағы анықтамаға мүлдем сай келмейді. Бастысы мәселе, КӘЖ компанияның заңды мүлт…
1 - сәуір күлкі күнімен барша достарымды құттықтаймын!!! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін! Күлкі деген - өмірді ұзартады дейді, сондықтан әрдайым көңілді жүріңіздер! Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ болсын!
Бұл жерде керемет ештеңе жоқ. Бәрі компанияның қызметіне байланысты. Үлкен мекемелер үшін жуық арадағы 5-15 жыл аралығында өздерінің нарықтағы даму қарқыны мен алар орнын болжау жеткіліксіз, сондай-ақ өз компаниясының ілгері басуы үшін осы мекеменің әр менеджері мен жұмыскері оған барынша атсалысуы керек. Ал олай болмаса, құрылған жоспар мен компания қызметі қоқыс жәшігінде жататын қағазға айналып кетуі ықтимал немесе заманауи тілмен айтқанда, жұмысқа жұмсайтын уақытыңызды сарп еткен компьютеріңіздегі бірнеше байт спам сияқты болуы мүмкін. Компания қызметінің өзектілігі неге төмендейді? Себеп біреу: менеджерлер бұл компанияда ұзақ қалатындарына сенімсіз. Не істеу керек? Ең алдымен, ішкі қағиданың қаншалықты қажеттілігіне көз жеткізу керек. Егер керек болса, онда қатардағы әр қызметкер оны…
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жылда өтілетін "студенттік көктем атты" көркем өнерпаздар байқауы болды. Ол Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтті.Бұл байқау жас таланттардың факультеттер және де колледж арасындағы байқауы. Мұнда әр бір байқауға қатысушы талант игерлері өздерінің жан-жақтылықтарыменн, ән-би өнерлерімен бақ сынасты.
Наурыз айының 31 күні әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде "Журналист болғың келе ме?" атты форум өтті. Форумға барлық БАҚ құралдары және студенттер, оқытушылар қатысты.Форум жылдағы дәстүр бойынша барлық БАҚ құралдарының басшыларының және жас журналистердің қатысумен өткізілді. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері көптеген газет, журналдарда және теле арналарда және радиоларда қызмет жасап халыққа өздерінің үлестерін қосуда. Сонымен қатар, бұл форумда "Ұлан" газетіжәне Европа пльюс радиосы оқушыларға ұйымдастырған конкурс қортындысын анықтап,форум соңында жеңімпаздарды және өте белсенді ҚазҰУ жас журналистерін марапаттады.Ән мен күймен ұласқан бұл форум өте қызықты өтті.