Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының жыл сайынғы ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау және ведомствоның ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары бойынша Еңбекминінің алқа отырысында әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Еңбекминінің басшысы мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасалғаны туралы хабардар етті. «Елімізде 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Еңбек етуге қабілетті 126 мың адам экономикада жұмыспен қамтылған, бұл шамамен 30%-ды құрайды. Жұмысты жақсырақ таңдау үшін олар үшін Кәсіптер атласы әзірленді, ол тіршілік-тынысының шектелу түрлері бойынша 432 к…