"Nur Otan" партиясы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері мониторинг жұмыстарын жүргізді.
"Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасына сәйкес, Тасқала ауданы бойынша "Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің" мүшелері арнайы интернаттар мен мектептердің жанындағы интернаттардың жағдайы, жұмысы, материалдық техникалық базасы және оқушыларға жасалған жағдайлардың деңгейлерін толықтай білу мақсатында Тасқала колледжінің жатақханасы, «Сәулет» мектеп лицей жатақханасы мен Ы.Алтынсарин ЖОББ мектеп жанындағы жатаханасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
