ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының жыл сайынғы ...
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау және ведомствоның ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысын өткізді. Өз сөзінің басында Серік Шәпкенов Еңбекминінің Президент пен Үкімет қойған барлық міндеттер уақтылы орындалатынын атап өтті. «2021 жылы әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге бөлінді. Бұл іс жүзінде республикалық бюджет шығыстарының төрттен біріне тең. 4 млн. қазақстандық зейнетақы мен жәрдемақылар алады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірқатар шаралар іске асырылды: зейнетақылар мен жәрдемақылар 5 - тен 7% - ға дейін индекстелді; білім беру саласындағы азаматтық қызметшілердің жалақысы 19% - ға, денсаулық сақтау саласында 20-дан 30% - ға дейін, әлеуметтік салада 45% - ға дейін арттырылды. Табысы аз азаматтарды мемлекеттік қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, оны 875 мың адам алады. АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріледі. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын қызметкерлер үшін сақтандыру тәуекелдері басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер беру көзделген. 1 қазандағы жағдай бойынша жүйенің 970 мыңға жуық қатысушысы шамамен 250 млрд теңге көлемінде төлем алды. Негізгі бөлігі – жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты берілетін төлемдер», – деді министр. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/270053...
***
Министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов провел заседание коллегии МТСЗН по выполнению поручений Главы государства, данных в ежегодном Послании народу Казахстана, и итогах деятельности ведомства за 9 месяцев т.г. В начале своего выступления Серик Шапкенов отметил, что МТСЗН своевременно исполняются все задачи, поставленные Президентом и Правительством. «В 2021 году на социальные выплаты направлено 3,7 трлн тенге. Это практически равнозначно четверти расходов республиканского бюджета. Пенсии и пособия получают 4 млн казахстанцев. С 1 января 2021 года для улучшения качества жизни населения был реализован ряд мер: пенсии и пособия проиндексированы от 5 до 7%; повышена заработная плата гражданских служащих в сфере образования на 19%, здравоохранения – от 20 до 30%, в социальной – до 45%. В целях государственной поддержки малообеспеченных граждан, предоставляется адресная социальная помощь, её получают 875 тыс. человек. Детям из семей, получающих АСП, дополнительно предоставляется гарантированный соцпакет. Для работников, участвующих в системе социального страхования, при наступлении страховых рисков предусмотрены выплаты из Государственного фонда социального страхования. На 1 октября порядка 970 тыс. участников системы получили выплаты в объёме порядка 250 млрд тенге. Основная часть – это выплаты по беременности и родам, по уходу за ребенком», – сказал министр. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/270053...
