Қоғамдық қабылдаудың нәтижесі
Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау графигіне сәйкес, 2021 жылдың 5 сәуірінде аудандық маслихат депутаты Н.Мусеновтың қабылдауында Тасқала ауыл тұрғыны Ш.Досова үйінің төбесіне қауіп төңдіріп тұрған теректерді арнайы техникамен кесуге көмек сұраған болатын.
"Тасқала" БПҰ ұйымдастыруымен аталмыш мәселе өз шешімін тапты.
