Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

«Бүгінде зейнеткерлер саны 2,2 млн адамды құрайды. Жүргізілген индекстеуді есепке алғанда...

«Бүгінде зейнеткерлер саны 2,2 млн адамды құрайды. Жүргізілген индекстеуді есепке алғанда бюджеттен берілетін зейнетақының орташа мөлшері – 99 857 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 68 774 теңге, базалық зейнетақы – 31 083 теңге. Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинақтарын 500 мыңнан астам адам алды. Жыл басынан бері азаматтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға 1,9 трлн теңгеден астам қаражат жіберді», – деді Серік Шәпкенов. Сонымен қатар, ол ынтымақтыдан жинақтаушы зейнетақыға көшуді ескере отырып, жоғалтылған табысты зейнетақымен алмастыру коэффициенті жыл сайын төмендейтінін атап өтті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының актуарлық есептеулеріне сәйкес, 2026 жылы зейнетақы орташа айлық табыстың шамамен 39%-ын алмастыраса, 2040 жылы 20%-ын, ал 2060 жылы небәрі 18%-ын алмастырады. «Зейнеткерлердің, оның ішінде болашақ зейнеткерлердің жағдайы нашарламауы керек! Қазіргі уақытта зейнетақы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі қолданыстағы тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу есебінен ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру көзделеді. Екіншіден, қолданыстағы Тұжырымдамада 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу көзделген. Нәтижесінде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған стандарттан төмен болмайтындай – жоғалған кірістің кемінде 40%-ы деңгейінде сақтау қамтамасыз етіледі», – деп хабарлады министр. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/270054...

***

«Сегодня численность пенсионеров составляет 2,2 млн человек. Средний размер пенсии из бюджета с учетом проведенной индексации – 99 857 тенге, в том числе солидарная пенсия – 68 774 тенге, базовая – 31 083 тенге. В соответствии с поручением Президента Казахстана пенсионные накопления сверх порога достаточности получили более 500 тыс. человек. С начала года более 1,9 трлн тенге направлены гражданами на улучшение своих жилищных условий, лечение и в компании по управлению пенсионными активами», – проинформировал Серик Шапкенов. При этом он подчеркнул, что, с учетом перехода от солидарной к накопительной пенсии, коэффициент замещения утраченного дохода пенсией ежегодно будет снижаться. Согласно актуарным расчетам ЕНПФ, к примеру, в 2026 г. пенсия будет замещать только порядка 39% от среднемесячной заработной платы. В 2040 году уже 20%, а в 2060 году всего 18%. «Положение пенсионеров, в том числе будущих, не должно ухудшаться! Для обеспечения эффективности пенсионной системы в настоящее время проводится работа по внесению изменений и дополнений в действующую Концепцию дальнейшей модернизации пенсионной системы до 2030 года. Во-первых, предусматривается совершенствование системы минимальных гарантий за счет перехода от базовой пенсионной выплаты к минимальной гарантированной пенсии. Во-вторых, уже действующей Концепцией предусмотрено введение 5%-х обязательных пенсионных взносов работодателей с 2023 года. В результате будет обеспечено сохранение уровня пенсионного обеспечения граждан не ниже стандарта, рекомендуемого Международной организацией труда – не менее 40% от утраченного дохода», – сообщил министр. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/270054...

0
0
353

Осы тақырып бойынша