ІСКЕ СӘТ! "Жерұйық" фильмі
Бүгін Алматыда танымал қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» драмасының тұсаукесер рәсімі өтеді, ал ертеңнен бастап фильм еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильм өткен ғасырдың 30-жылдарындағы жұт кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайы, елге ағылып келген өзге ұлт өкілдерінің қоныс аударуын сипаттайды.
