Мазмұнға өту

Жаңа

Теміртаулықтар қазақ мектебіне қарсы

Қазақтар қазақ мектептері жетпегендіктен, балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр! Теміртау қаласында қазақ тілді мектептерге күн өткен сайын, сұраныс артып келеді. Қалада 17 орыс мектебі бар, олардың көбісі толық емес. Себебі ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне бергілері келеді. Ал қазақ мектептері сан жағынан аз болғандықтан, ол ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз ете алмауда. Өз үйінің маңынан мектеп таба алмай қиналған қазақтардың көп екендігін ескерген жергілікті әкімшілік екі орыс тілінде білім беретін №9 және №16 мектептерді қазақ мектебіне ауыстыру туралы шешім шығарды. Осы мектептердің ұстаздары мен оқушыларына басқа мектептерде орын табылғанына қарамастан, кейбіреулер «қиямет» орнағандай шу шығарып, қарсылық білдіруде. Қазақ мектебі көбеймей, қазақтар Қазақ елінің орыс т…

0
2
514

Өзің диуанасың кімге пір боласың. Қазақша мақал

Сілтемеде көрсетілген мақалаларды оқып отырып блогтар, журналистика, БАҚ туралы түсінігіміз қалай екен деп ойға келдім. Себебі, қазақша жазбалар ішінде бірін-бірі жамандаған пікірлер және мақалада жазылған мәселені емес, мақаланы оқырманға жеткізуші БАҚ-ын кінәлі етіп көрсеткісі келуге тырысу белең алғанын байқаймын. Ұсынылған сілтемелерді оқып көріңіздер, пікір жазыңыздар. Сілтемелердегі мақалалар қазіргі жағдайларға түсінік береді. Қазіргі жағдайлар дегенім: АбайКЗ, МасаКЗ сайттарын қаралау және т.б.

Журналистика, блогтар туралы сілтемелер:

  1. Как западные медиа поучают русских журналистов щи варить
  2. Либераст. Heroй нашего времени.

Бала тілі – бал

Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ!

Бақа, бақа балпақ,
Көзің неден тостақ?
Қырдан қарауыл көп қарап,
Көзім содан тостақ!

Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
Көп отырдым ерініп,
Бұтым содан талтақ!

0
0
1494

Наступили священные месяцы. Чем ты будешь занят? Қасиетті айларда не істейсің?

Мұсылман әлемінде қасиетті айлар басталды. Биыл қасиетті ережеп айы 3 маусымнан басталады. Оқырмандарды осы мейраммен құттықтаймын. Баршамызға кәміл иман тілеймін. Жаратушымыз тілеген дұға тілектерімізді қабыл етсін. Аллаға тәуекел! Төменде қазақша Ислам сайттарынан жинақталған мағлұматтарды оқыңыздар: Ескерту: Мағлұматтар қысқартылып берілген, толық мағлұматты мекені көрсетілген сайттардан оқи аласыздар. Бүгінде адамзат баласының 85 пайызы Миләди күнтізбесін пайдаланады екен. Ал хижра күнтізбесін кейбір мұсылман елдері ғана қолданатын болып шықты. Мұсылман күнтізбесінің бір ерекшелігі,хижри айлар белгілі мезгілде тұрақты қалыптаспаған,олар жылдың төрт мезгілінде де келе береді.Мысалы,Рамазан айы.Құрбан айт мерекесі бірде қыс айларында келсе,кейде жаз айына да кезек беріп отырады. Егер бұ…

GeoGebra қазақшаланды

Сәлем достар! Ұзақ үнсіздіктен соң, мұндағы қазақ блогшыларының белсенділігін көру мақсатымен neweurasia.net сайтындағы жазбаның бірін көшіріп жариялап отырмын. Наурыз айында ұйымдастырылған Блог құрылтай қазақ тілінде тың жобалардың дамуына серпін берді. Дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған жастар екі күн бойы тәжірибе алмасып, өздерінің үздік жобаларын бәйгеге қосқан еді. "Үздік жобалар" байқауының жеңімпазы атанған "ГеоГебра" ресурсының авторы, Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы гимназияның математика пәні мұғалімі Талғат Байназаров GSM Kazakhstan компаниясы атаған 100 мың теңгелік грантқа ие болған. Арада санаулы ай өткеніне қарамастан Талғаттың ГеоГебра жобасы жаңа белеске көтерілді. Талғат ГеоГебра бағдарламасын толықтай қазақ тіліне аударып, арнайы лицензиясын иеленді. Өз блог…

1
2
2829

Қатардағы жауынгер

Қатардағы солдат командирінен "Әйелім босануы керек еді" деп, демалысқа сұранып кетеді. Штабқа қайта оралған солдаттан командирі:
- Ал қалай, әйелің ұл босанды ма әлде қыз ба? - деп сұраса, солдат:
- Ол енді тоғыз айдан кейін белгілі болады, жолдас командир, - деген екен.

0
0
1107