Мұнайшылар қаласы неден мұңлы?!
Мұнайшылар қаласы қамығып тұр. Бүкіл республика Тәуелсіздік мейрамын тойлап жатқанда, елдің батыс бетінде тосын жағдай болды. Ондаған отбасы қара жамылып, қайғы шегіп қалды. Бұл мәселеге байланысты барлық ақпарат құралдары айтты, бірі асырып айтты, бірі жасырып айтты, енді бірі басу айтты, келесісі елді жұбатып, сабырға шақырды. Түрлі ақпарат құралдарындағы қауесетке, орынсыз пікірлерге, дау-жанжалды одан сайын үдету үшін айтылған жалған ақпараттарға көз тұнады. Әйтеуір, бәрі айтып жатыр. Бірақ бәріне бірдей сенуге болмайды. Қалай болғанда да, сабырлық керек. Бұл оқиға болған күннің ертесіне – 17 желтоқсан күні Президент Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтіп, Жаңаөзендегі жағдай талқыланды. Бүгінде Өзенде Елбасының жарлығымен төтенше жағдай енгізіліп, ол 2012 жыл…