Мазмұнға өту

Жаңа

Сәлем, Әлем! :)

Сонымен, ювижнді де байқап көрелік:) Негізі менің логинім "timurrr" етін... Аңдаусызда "tеmіrrr" боп тіркеліп кеттім:)

Әлқисса, "ювижнде тек қана орыстар жүреді, қазақша жазсаң түсінбейді" деген бір скептик көзқарас болған жоқ емес, шынын айтсам өз басымда болды:)  Сөйтсем, тым жақсы қазақша жазатындар бар екен. Демек "жазғаныңды оқитын аудитория бар" деген сөз! "Айтқаныңнан не пайда, тыңдайтын жан болмаса?" дегендей, айтқанды тыңдар болмаса сөз жетім де, оған құлақ табылса, айтуға біз сөз табармыз:) Ал ендеше ұрыста тұрыс бар ма? Кеттік!

 

Пысы: Айтпақшы, жаңа ғана алғашқы постымды жарияларда төменнен "пост на казахском языке" деген чек-батынды көрдім. Ол не үшін? Шәйнекке түсіндіріп қойсаңыздар... Рахмет!

0
8
745

Бүгінгі Нарынқолдың қылмыстар хроникасы

Нарынқол - қазақ-қытай шекарасынан бес-ақ шақырым қашықтықта орналасқан ауыл. Стратегиялық маңызы бар елді мекен. Соңғы уақыттары осы ауылда қылмыс көбейіп, тұрғындардың тыныштығын алған оқиғалар орын алыпты. Бүгінгі Нарынқолдың қылмыстар хроникасы.

0
0
306

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

СЕНАТ

1995 жылдың 28 қыркүйегінде Елбасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы туралы Жарлыққа қол қойды. Осы заңға сәйкес, парламент екі палатадан тұратын болды. Ал желтоқсан айының 5, 9 күндері Қазақстан Республикасының бірінші екі палаталы Парламенті сайланды. Жаңа заң бойынша Сенатта 47, Мәжілісте 67 депутат болды. 1995 жылдың 7 желтоқсанында 1990 жылдан бері үшінші, тәуелсіздік алғаннан кейінгі екінші Қазақстанның жаңа Парламентіне сайлау өтті. Бұл Парламент 1999 жылға дейін жұмыс жасады.

1
0
456

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕКІНШІ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ 30 тамыз күні ел тарихындағы екінші жалпыреспубликалық референдум өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.Көп жылдар бойы адамның құқықтары мен бостандықтары түсінігінің сипаттамалық белгілері боямаланып келді. Қоғам мүшелеріне құқық – бұл пролетариат пен партия мүддесі деп санаға құйылды. Шынында құқық адам табиғатына тән бостандық нормалары екендігін тәуелсіздік алғаннан кейін ұғынғанымыз рас. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», – деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде жаңа ашық азаматтық қоғам орнатуды мақсат еткен халқымыздың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Ол елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ететін және кепілдік бер…

1
0
487

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ Осы жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатындағы мемлекет басшысының кеңесші органы ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Негізінен мұндай ұйымды құру идеясы тәуелсіздігіміздің бірінші жылындағы Қазақстан халықтарының Бірінші Форумында Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. 2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталады. Өзінің 15 жылдық тарихында Ассамблея ұлтаралық қатынастардың беделді қоғамдық институтына айналды. Елімізде 100-ден аса ұлттық мектептер, 23 ана тілі оқытылатын 170 жексенбілік мектептер қызмет атқарады. Қазақстанда 4 республикалық және 15 аймақтық ұлттық газеттер, 6 ұлттық театрлар (қазақ, орыс, немі…

1
0
580

Қазақ тойының бүгінгі күні

Той - халықтың қазынасы, ағайынды араластыратын, алысты жақындататын, дәстүрді жаңғыртатын мереке. "Заманына қарай амалы" дегендей, бүгінгі қазақтың тойы өз дәрежесінде тойланып жүр ме? Жоқ әлде жаңаша сипатпен жаңаша сапаға көтерілді ме? Дәстүрімізді дәріптеуге, салтымызды сақтауға бүгінгі той қаншалықты қызмет етіп келеді?

0
0
262

Музей - мұражай?

Каждый день хожу на работу пешком. Причем одним и тем же маршрутом. Приходится идти через небольшой сквер перед Музеем Первого Президента. Большая надпись на фасаде заставила задуматься. "Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің МУЗЕЙІ". Так что правильно? МУЗЕЙ или МҰРАЖАЙ? Нас вроде всегда учили говорить МҰРАЖАЙ.

Музей - нем. Museum, англ. Museum.

Этимология: Заимств. из польск. muzeum или нем. Мuseum (с ХVI в.; из лат. museum от греч. μουσεῖον "философская школа с книгохранилищем", μούσειος "принадлежащий музам", μοῦσα "муза".

Перевод от sozdik.kz: мұражай

словарь Бектаева: музей

kaz-rus.kz: мұражай

Система электронного перевода SOYLEM: мұражай, музей