Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақша Wikipedia-ға үлес қос!!!

Құрметті достар, қазір Қазақ Wikipedia-сының белсенді жұмыс жасап жатқанын білеміз. Қазақ тілі әлем тілдерінің ішінде мақалалар саны бойынша 42 орынға көтеріліп, мақалалар саны 75 мыңнан асты. Бұл жетістіктерімізді жыл сайын өтетін Wikimania-да ескеріліп, Қазақ Wikipedia-сы осы жылдың үздігі деген мәртебеге ие болды. Ана тіліміздің қолданысқа ие болуына ықпал ететін жобаға сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз! Wikipedia жайында толық білгіңіз келсе, онда сізді  ТАМЫЗДЫҢ 26 Жазушылар одағының(Абылайхан мен Төле би көшелерінің қиылысында) екінші қабатында өтетін семинар-тренингке шақырамыз. Есік кез-келген адамға ашық.

P.S. Келем деушілердің нақты санын білу мақсатында, келесі почталарға жазылуларыңызды сұраймыз: [email protected], [email protected], [email protected]

0
3
880

@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста бірі жақтады, бірі даттады дегендей... Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. #kzday деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday. Қазақта тәп-тәуір мақал бар. (Қазақта тәуір мақал көп негізі...) Соның бірі: "Мақтаған қыз тойда оc..ады" деп келеді. "Не боп қалды тағы?" дейсіздер ғой? Болғаны сол, кешегі сәрсенбіде @anatili жаңа бастама көтеріп, #kzday ілмегіне төрттаған құрастырғандар…

0
7
1025

Саясат туралы көп айтпайтынымды білесің ғой

Құрдас, Айдос Сарымның мақаласына қалдырылған пікірлерге қарап 20 жылда ұлттың қадірін түсінбегендер мында өріп жүргенін аңғаруға болады. (Егер бүгін көңіл-күйің болмай отырса, ашып оқымай-ақ қой) Меніңше, 20 жылдың ішінде өзінің болашағын қай елмен байланыстыратын уақыт келіп жеткен сияқты. Мына жерге келіп, шикілік шығарғаннан басқа бітіріп жатқандары шамалы. Мүмкін адамзатқа бір түйір пайда келтіріп жатқан шығар, Аллаһқа мәлім! Негізі менің саясат туралы көп әңгіме қозғамайтынымды жақсы білесің ғой. Түсінбеймін. Мемлекеттің құрып жатқан саясатына қарсы шығуы түсінікті. Әркімнің өз көзқарасы бар. Бірақ сонша қоқысты ішіне жиып, оны мында бүріп шашқаннан не ұтады? Елдің болашағын ойласа, айбайлап сөйлемейді ме екен... Өзіне не керегін әлі күнге дейін білмейтін кішкентай бала сияқты. Бола…

0
2
559

"Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра - 2

Сонымен... Бұл мақаланың басы, яғни "Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра" атты пост жеке блогымда былтырғы желтоқсанда жазылған болатын. ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов ағамыз осы жағдайға байланысты маған бастама көтеріп, көпшіліктің қолын жинап, ауқымды масштабта қозғалыс жасасам, онда Парламент қабырғасында бұл мәселенің әбден көтерілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ менің қызметім журналистіктен мүлдем бөлек болғандықтан, басталған іс аяқталмаған күйі қалды. Қоғам да сол баяғы мамыражай тірлігімен қала берді. Дей тұра Атырау қаласының орталық көшелерінің тұсынан өтіп бара жатып, мына бір сорақы жарнаманы көріп, амал жоқ, осы мақаланы тағы жазып отырмын. Өздеріңіз білесіздер НЛП деген дүние бар. Яғни "Нейро лингвистикалық программалау" деген сөз. Бұл ақпарат…

0
4
2567

Қазақ прозасының бүгінгі күні

Бүгінгі күні қазақ әдебиеті, соның ішінде қазақ прозасы жоқ дейтіндер көбейді. Өзі ізденбеген адамға бәрі жоқ болып көрінеді. Осындай ойды қайдан алатыны белгісіз, бірақ әдебиет тек ұлт жоғалғанда ғана жоғалады деп нақты айта аламыз.

0
1
334

Түрік әлемінің алтын бесігі

Тамыздың 26-27 күндері Шығыс Қазақстанда «Алтай түрік әлемінің алтын бесігі» атты алғашқы Халықаралық форумы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы облыстық әкімдік. Форум әлемдік деңгейдегі алыс және жақын шетел түркітанушыларының қатысуымен Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр. Іс-шараның басты мақсаты Шығыс Қазақстанның мәдени құндылықтарын насихаттау және облыс аумағында мәдени туризмді дамыту үшін инвестиция тарту. Халықаралық кездесуге әлемнің 12 елінің өкілдері қатысады.Форумға ТЮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасеинов, Қазақстан Республикасындағы Түркияның төтенше және өкілетті елшісі Лале Улькер ханым, Қазақстан Республикасындағы Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі Харад Юдзо, Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы Елшілігінің Консулы Квон Донг-Сок және Қазақстан Республикасындағы…

0
1
1475