Осы аптадағы көрермендер асыға күтіп жүрген романтикалық киноның бірі - режиссер Кэри Фукунаганың Шарлотта Бронте романы бойынша түсірілген "Джейн Эйр" драмасы. Романды оқымасам да, трейллеріне қызыққан мен бұл киноны көремін деп шештім. Алайда фильмнен шыққан соң, осыдан бір апта бұрын көрсетілген басқа бір романтикалық драма "Бір күнмен" салыстырмай қоя алмадым. Романтикалық туындылардың екеуі де әр түрлі. Алайда, екеуінің арасындағы ұқсастықтарды іздеп көрейік. Бір қызығы оқиға желісі екі фильмде де Англия төңірегінде өтеді. Тек бірі Англияның Викториан заманын, ескі, дәстүрлі Англияны көрсетсе, екіншісінде оқиға Единбургта 1988-жылдан басталады. Екі фильм де махаббат жайлы. Тек бірінде махаббат оқиғасы қайғылы аяқталса, қайсар қыз Джейн Эйр түп соңында өз сүйгеніне қосылады. Ал бұл ек…