Қазақ кім десеңіз...
Қадірлі Елбасы! Ардақты әлеумет! Жұмыр жерді мекендеген 6 миллиардтан астам адам баласының 12 миллионы қазақ дейтін ұлт екен. Сол әлемдік қауымдастықта біздің орнымыз қандай? Бағамыз нешік? Береріміз не? Нені талап ете аламыз? Келешек не болмақ? Мұндай сауалды әр ұлт өзіне қойса керекті. Және соның үдесінен шығуға талап етуі қалыпты құбылыс. Елге тұтқа әрбір елдің көкейіндегі ізгі сауал осы. Сонымен тарихқа терең бойламай-ақ адамзат тарихындағы алапат ғасыр – 20 ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі өз жерінде отырып қазақтай геноцид кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны – 32 жылғы ашаршылық – 43 пайызынан айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет - ұлт қаймағын сыпырды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан соңғы советтік саясат жемісінен болған жасанды ассим…