Мазмұнға өту

Жаңа

Сапасыз тауарларды кім бақылайды?

САҚТАНЫҢЫЗ!!! Сапасыз тауарлар, ҚАУIПТI ойыншықтар, денсаулыққа ЗИЯН дәрi-дәрмек пен жарамдылығы өтiп кеткен тағам өнiмдерi ЕРКIН сатылуда!!! Осы тауарлар шекарадан ҚАЛАЙ өттi? Тексерiс нәтижесiн КIМ бұрмалады?

1
0
381

айтылмаған түйін сөз....

Саған, саған талай күндер, талай жылдар асыққам, көз жасымды жасырғанмын жансыз аппақ жастықтан, өзге түгіл, соған дағы білдірмегем мұңымды жүрегімді жаралаған, көңілімді тасытқан. Күттім қанша қара түнде жұлдыз санап, жаңылып! Сағыныштың сары мамық орамалын жамылып, мөлдіреген жанарымнан тамшыларды төксем де, көрмеген ем, білмеген ем сағынғаннан қамығып. Үміт деген үлпілдеген кіп-кішкене шымшықтай, дір-дір етіп, жатты ол да, ләм деместен, үн шықпай.Арман болды қолқанатым, тәтті қиял - тірегім. Білмедім ғой қаларыңды сезімімді дым ұқпай. Ал сол шақтар бағым еді, беймезгілде бұйырған, нұрым болды төбе көктен толастамай құйылған. Білсем сонда бал күндерге шолақ ғұмыр бергенін, аттап өтер едім бәлкім қырық үйлі тыйымнан. Қазір бәрі бұлдыр түстей, жанаспайды өңіммен. Басқа біреу табылады көңі…

1
8
1969

«Жылы» шығармашылық

Балалар жазушысы Дария Жұмагелдинованы казақстандық Агния Барто десе де болады. Оның өлеңдерін, ертегілері мен әңгімелерін түрлі жастағы оқырмандар оқиды. Жақында «БОТА» ҚҚ жазушының шығармашылығын балаларға жеткізу мақсатында жазушы мен «Жанұя» балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «шығармашылық диалог» орнатты. Әйгерім Қасымова баяндайды. Дария Түкеновна басында тек ересек аудиторияға жазатын. Алайда Қазақстанда балалар әдебиетінің жетіспеушілігін байқаған ол балаларға және балалар туралы жаза бастады. Шығармашылығындағы жаңа бастама сәтті болып, балалар жазушысын Қазақстанда ғана емес, шетелде де мойындады. Оған әр түрлі елден алынған әдеби сыйлықтар куә. «Жанұя» мамандандырылған балалар үйі кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Бұл жерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар үшін м…

2
0
846

Жүрейік жүрек ауыртпай...

Я плачу только в театре. По-настоящему, от души, не скрывая ничего. Несколько дней назад ходила в Казахский академический театр имени Ауэзова на спектакль "Жүрейік жүрек ауыртпай", поставленного по пьесе народного писателя Кыргызстана Бексултана Жакиева режиссером Есмуханом Обаевым. Меня тронуло все - от начала до самого конца. Невероятная игра актеров, продуманная постановка. Это не простая история, совсем не радостная. Эта драма,пропитана реальностью, такой жестокой,что разрывает сердце. Обычная история жизни ,проблема отцов и детей раскрываются с такой точностью, болью, юмором,что невозможно не плакать, не думать, не сопереживать. Больше всего удивила игра актера - Бекжана Турыс. Настолько реалистичная игра, неограниченный талант, что просто появляется огромная благодарность за весь пр…

3
1
1357

Тәуелсіздік формуласы

Тақырып: Ауылым - алтын бесігім
Қонақтар: Амангелді Момышев - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Санат Тұңғышбаев - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылдық жерлер жөніндегі комитет төрағасы
Рымбек Жүнісов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

0
0
282

Таңдаған спорты тап өзіндей сұлу болса... Кейде қазақ қыздарының өнімсіз бірдемеге айналғанша спортпен достасқанын қалаймын. Әрине, өзіндей сұлу спортпен.

Осы ауыр атлетика, бокс, күреске нәзіктік тән бе?! Спорттың бұл түрлері ерекше физикалық дене күші және психологиялық төзімділікті талап етеді. Ал, мұндай қасиеттер, әдетте, ер адамға ғана лайық. Дегенмен, біреудің өкінішіне, біреудің қуанышына орай, спортта табиғатынан нәзік болуы шарт қыз балалар көбейіп келеді. Тіпті соңғы кездері кей спорт түрлері бойынша әлем біріншіліктерінен ерлер командасы құр алақан қайтып, әйелдер жасағы жүлдемен оралатын жағдай жиі орын алып жүр. Сол кезде қара көз қыздарымыздың Қазақстан абыройын асқақтатып, медаль әкелгені үшін не қуанарыңды, не осы жолды таңдап, нәтиже көрсетіп жатса да, ақ тер-көк тер болып жұлынып жүргеніне күйінеріңді білмейсің. Бұл айтқанға мысал көп. Әсіресе, ауыр атлетикаға қыздардың қызығушылығы ерекше артып келеді. Кем дегенде өзінен…

0
3
2562