ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Шүберекқұмарлық...

Мен "шүберекқұмарлық"-пен ауырамын. Қымбат брендті киімдер мен дорбалар, бағасы жоғары опа-далап, сағат, аяқ киім десе ішкен асым жерде. Қайдан тап болған бәле екенін сеземін де: бала кезім тоқырау заманға тура келіп, көп әдемі, қымбат, сапалы нәрсе түгіл, дені дұрыс тамаққа ақша жоқ заманда өскендіктен деп топшылап отырмын + кәдімгі нәпсі.

жақсы шоппингтан соң ғана өзімді жайлы сезінетін болдым. Қуана қуана 10-дорба, 20-жұп аяқ киім, 100-орамал сатып алып жатып, өз өзіме есеп бере алмаймын. Ұнайды, керек, міндетті түрде алуым керек деген ой маза бермейді. Ақыры, он күн жүріп ойлансам да (көп қыздардың кеңесі, артық нәрсе алып қоюдан сақтайды-мыс), ақыры барам да алам немесе сыйға сұраймын немесе ақша жинаймын!

Өмірде брэндті нәрселерден бөлек те қызықтар бар екенін жақсы білем, тап сол сапада, түсте, формада болса және бағасы төмен болса, әрине, атағы шықпаса да алар ем. (Оған мысал, өткенде алған қарапайым замшадан жасалған дорбам). Алайда, ондай нәрселер тым аз, іздеп жүріп әрең табасың өзін....

Емделу керек пе, әлде нәпсіні тыйю керек пе, әлде осы қалпы жүре беру керек пе, білмеймін. Кезекті әдемі сыйлық күтіп отырған түрім бар... АЛЛА жазса, міндетті түрде, мақтанып қалудан таймаймын ғой)))))