Миллион адамның телесериалдарға тәуелді болуының сыры неде?
Тақырып: Миллион адамдардың жіпсіз байланып, телесериалдарға тәуелді болуының сыры неде?
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында ең алғашқы болып көк жәшікке үңілткен Италияның "Спрут" шытырман сериалы болатын. Бері келе бразилиялық және мексикалық сериалдар "Спруттың" орнын басты. 1988 жылы Бразилия сериалдарының көшін "Күң Изаура" бастаса, тәуелсіздік алған тұста мексикалық "Жабайы Роза" үйімізге енді.
