Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)
Өткенде жұмысқа бара жатсам, бір қара мысық жаныма келіп, біраз қасымнан кетпей жүріп келді. Бір үн шығармайды ғой, тек анда-санда басын көтеріп, бір қарап қояды. Ойланып келем: "Аш па екен, неге ізімнен қалмайды өзі?" деп, кілт тоқтап ем, әлгі мысық аяғымды шыр айнала бастады. Өзі жып-жылы. Біраз айналды да, бір қарап, артқа қарай кетіп қалды. Мен аң-таң, таңымен көлігін қардан тазалап жатқан бір ағай мүлдем қатып қалған. Қызық!

мына жерде тез айналғаны сонша, түсіріп үлгермедім, тек құйрығы ғана көрінеді...

ал мында толығымен көрінеді.

"Сау бол!" деместен "по-английски" кетіп бара жатыр)