Мазмұнға өту

Жаңа

Келесі Парламенттің құрамы қандай болмақ?

Келесi парламент сайлауында билiк партиясы «Нұр Отанға» басты бәсекелес кiм болмақ? «Ақ жол» партиясы 20% дауыс жинайтынын алдын-ала қайдан бiлдi? «Ауыл» партиясы неге өкпелеп кетiп қалды?
«Азамат» тарихындағы ерекше бағдарлама!
Ортада Әмiржан Қосанов «Нұр Отан» ХДП өкiлiне қарсы шықпақ! Барлық партия басшылары бiр пiкiрталас алаңында жиналған күн! Жiберiп алмаңыздар!

1
0
331

менің интернет сайттағы жарияланымдарым

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ: ІІ бөлім (талқылау) (... жалғасы) "Маса" интернет газетіндегі алғашқы екінші бөлім туралы айтқан болатынмын. Сайтта қызу талқылау жүріп жатыр. Кейбір пікірлерге тоқталсақ: 1. Осы референдум деген біздің түсінігіміздегі мағынасы не екен кім айтады. Ал демократиясы дамыған елдерде ол белгілі мәселелерге, қоғам үшін маңызды сұрақтарға елдің, халықтың қолдауы немесе қолдамауы. Менің ойымша Қазақстанда референдум дегеніміз Иа деген кнопканы басу үшін халықтың мәжбүрлі түрде жандайшаптар тұрған бөлмеге баруы; 2. Ертеңгі күнге жақсы ниетпен қарайықшы жұртшылық біз, қасқырларша ырылдасып, түлкілерше қуланып, қояндарша қорқып өмір сүрсек адамдық құндылығымыз қайда қалды. Ертеңгі күнге жақсы үмітпен қарайық ағайын. Осы уақытқа тәубә етіп, барға қанағат етейік жамағат. Тым ауыр…

0
0
557

Хабарлағымыз келеді!

26 қазанда Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының (ӘҚҚБ) 4-ші гранттық байқауына сұранымдарды қабылдау кезеңі аяқталды. Қазақстанның түгел аймақтарындағы ондаған коммерциялық емес ұйымдар «БОТА» Қорына балалар мен жастардың өмірін жақсарту саласындағы 160 жоба жолдады. Әйнел Қайназарова хабарлайды. Байқау ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде басталды және 26 телеарна мен 70 газеттің қолдауының арқасында жергілікті және республикалық БАҚ-да жариялануы бойынша ең ауқымды шаралардың біріне айналды. Бұл жайт, әрине, нәтижесіне де ықпалын тигізбей қоймады. Байқауды жариялаған сәттен бастап тура бір айдан кейін ӘҚҚБ мамандары ең соңғы тапсырысты тіркеп, қорытынды шығарды. Соның нәтижесінде көрсеткіштер былтырғы жылдан асып түскені айқындалды: былтыр 122 тапсырыс тіркелген болса, биыл оның сан…

1
0
560

Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)

Өткенде жұмысқа бара жатсам, бір қара мысық жаныма келіп, біраз қасымнан кетпей жүріп келді. Бір үн шығармайды ғой, тек анда-санда басын көтеріп, бір қарап қояды. Ойланып келем: "Аш па екен, неге ізімнен қалмайды өзі?" деп, кілт тоқтап ем, әлгі мысық аяғымды шыр айнала бастады. Өзі жып-жылы. Біраз айналды да, бір қарап, артқа қарай кетіп қалды. Мен аң-таң, таңымен көлігін қардан тазалап жатқан бір ағай мүлдем қатып қалған. Қызық!

мына жерде тез айналғаны сонша, түсіріп үлгермедім, тек құйрығы ғана көрінеді...

ал мында толығымен көрінеді.

"Сау бол!" деместен "по-английски" кетіп бара жатыр)

0
0
1267

Іле Алатауы - табиғат ғажайыбы

Іле Алатауы - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30 – 40 км. Қаскелең мен Түрген өзендерінің аралығындағы орт. бөлігі биік.

0
0
1398