Қазақ тілін (елін) жерге ойран қылмай, бірге көтерейік!
Әділ Тойғанбаев [Dat, тақсыр №35(118) 19.10.2011, 26 бет] ...Натырақ айтсақ, біз орыс тілін қаншалықты дәрежеде меңгерсек, орыстілді қауым қазақ тілін дәл сол шамада меңгеруі керек. Ол үшін тыйым салудың немесе Конституцияға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Бұл - таза әділетті шешім. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан халықтардың бір-біріне деген шынайы құрметі. Қарсыластарымызға айтарым - талаптарыңыз да, әрекеттеріңіз де жүйелі болсыншы. Әйтпесе қазіргі әрекеттеріңіз қостілділікті, ұлттық мәдениетті, азаматтық құқықты қорғаудан гөрі, жалқаулық пен енжарлықты қорғауға көбірек келеді. Қолдасақ, оқуға, үйренуге деген талпынысты қолдайық. Ұлттық азшылықтардың дамуы, олардың қоғамдағы рөлі - кез келген қоғам үшін маңызды. Қазіргі жағдайымызда қандай да бір ұлттың өз мәдениетін дамытуына ешқандай…



