Мазмұнға өту

Жаңа

Ассамблея мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды

Тәуелсіз тарихымыздағы ең қастерлі тұс - ауызбіршілігіміз екені анық. Бірлік жоқ жерде мемлекет құрылмайды. Тірліктің баяны болмайды. 20 жылдағы жемістің жұмыстың бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы. Бұл ұйымды айрандай ұйытып, сан ұлтты бір қолға біріктіріп отырған Елбасы саясатының саралығы. Басшыға қосшы бола білген халықтың даралығы. Бүгін Астанада бас қосқан Ассамблея мүшелері мерекелік шара өткізіп, отандастарына жылы лебіздерін жолдады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы! Ел бірлігін сақтауда мойнына жүктелген міндеті ауыр ұйым бұл білгенге. 350-ден астам орталығы бар іргелі ынтымақ ордасы бүгінде. Айту керек, ТМД аумағында Қазақстаннан басқа бірде-бір елде қырық рудың басын біріктірген мұндай ұйым құрылмаған. Татулықтың тірегі болған Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі осы. Толығырақ.…

0
0
364

20 жұлдызды күннің бүгінгі атауы – Отан

50 жылда ел жаңа деген сөз бар. Бірақ, Алаш жұрты Тәуелсіздіктің 20 жылында түрленіп, түлеп шыға келді. Тарих үшін осы бір қас қағым кезеңде Қазақстанды әлем танып, мойындады.

20 жұлдызды күннің бүінгі тақырыбы – Отан. Оттан да ыстық алтын ұяның қадірін әр қазақстандық жақсы түсінеді. Елім деп жүрген азаматтардың арқасында бүгінде қазақ елі талай асуларды бағындырды. Экономикамыз өркендеп, өрелі мемлекетке айналды. Әлемнің алпауыт державалары санасатын халге жетті. Бұның барлығы да ел тұрғындарын қуантып, үлкен жетістіктерге жетелейтін қанат береді. Толығырақ...

0
0
387

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар!

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар! Біз жиырмасыншы рет ең басты мемлекеттік мейрам – Отанымыздың, Қазақстан Республикасының егемендік алған күнін атап өтудеміз. Аталған жылдары еліміз қиын жолды – тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолын артта қалдырды. Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды анықтауға мүмкіндік беретін негізгі құндылық. Егемендік лайықты өмір сүру құқығын қорғап, өзі үшін күресуді талап етеді. Шынайы Тәуелсіздіктің кепілі – мемлекет пен халықтың мақсаттары мен мұраттарының сәйкес келуі. Бұл дегеніміз – халыққа қызмет ететін, арман-тілектеріне жауап беретін, оның мүддесі үшін шешім қабылдайтын мемлекетті құру болып табылады. Түрлі құбылыстардың лебі қоғамымызда көптеген қарама-қайшылықтарды туғызды. Ал олар азаматтарымыздың мемлекет ісін басқару процестеріне көпте…

0
0
385

Құрметті қазақстандықтар! Уважаемые Казахстанцы!

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар! Біз жиырмасыншы рет ең басты мемлекеттік мейрам – Отанымыздың, Қазақстан Республикасының егемендік алған күнін атап өтудеміз. Аталған жылдары еліміз қиын жолды – тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолын артта қалдырды. Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды анықтауға мүмкіндік беретін негізгі құндылық. Егемендік лайықты өмір сүру құқығын қорғап, өзі үшін күресуді талап етеді. Шынайы Тәуелсіздіктің кепілі – мемлекет пен халықтың мақсаттары мен мұраттарының сәйкес келуі. Бұл дегеніміз – халыққа қызмет ететін, арман-тілектеріне жауап беретін, оның мүддесі үшін шешім қабылдайтын мемлекетті құру болып табылады. Түрлі құбылыстардың лебі қоғамымызда көптеген қарама-қайшылықтарды туғызды. Ал олар азаматтарымыздың мемлекет ісін басқару процестеріне көпте…

1
0
325

Маған арналған :)

Салем^^ көп болды ия мен жазбагалы? Енді 21 ғасыр болса да, менде үйде интернет қосылмаған. Өкінішті-ақ! Жарайды, осы жакында қостыратын шыгармыз иншаАллаһ. Ал қазыр жазайын дегенім.. Әлия деген апайымнын менің туған күніме арнаган өлендері:17 жасыма арнағаны:Сен бізге ай мен жұлдыз күнімдейсіңМөлдіреп қара көзің күлімдейсіңЖарқ етіп алдымыздан шыққаныңдаПапаң мен мамаңның көзіндейсіңЖылменен жарасады туған күніңӘкелсін әрбір жылдар бақытты күнТілеймін мол бақыт, денсаулықтыҚұтты болсын туған кунің қуаныштыЕркелетіп өсірді ағаң сеніУақыт өтіп кетер әлі-ақ ендіСондықтан оқу оқып білім алыпӨткізбе босқа бекер уақытыңды!18 жасыма арнағаны:Он сегіз жас балалықпен қоштасу маЖалындаған жастық шақ басталды маОқу оқы, білім ал тәрбиеліАлға ұмтыл, жалықпа ешқашандаТуған күнің құтты болсын құлынымТ…

1
2
600

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Батырдың жанқиярлық ерлігін елі ұмытпайды. Бүгін осыдан бір ай бұрын Таразда қылмыскердің жолын бөгеймін деп жүріп мерт болған жол полициясының взвод командирі Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Марқұмның жұбайына мемлекеттік награданы Президенттің өзі тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ел дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік және мерейтойлық наградалармен марапаттады. Қайтпас қайсарлық сын сағатта ғана сыналатын қасиет. Халық өжет ұлдарына ғана «қаһарман» деп ат берген. Қазақтың қаһарман ұлдарының қатары бір азаматқа толықты бүгін. Ердің есімі - Ғазиз Байтасов, көзі тірісінде Тараздағы жол полициясы жеке батальонының взвод командирі болды. Қылмыскермен ұстасып жүріп, жанкешті жарылғыш затты іске қосқанда мерт болды өжет жігіт. Көптің тыныштығ…

0
0
336

Мен қазақпын (American Version)

Kazakhstan Student AssociationХоть немного и невпопад, но видеоработа студентов Рочестерского университета заслуживает похвалы:

У ролика пока чуть более 1500 просмотров, но думаю, он станет вирусным. Начинаем вирусовать, думаю, это отличный инструмент паблисити нашей страны в Штатах)

канал автора

Медициналық сақтандыру қажет пе?

Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру дамымаған. Неге сақтандырудың осы түрі кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді. Бір мемлекетте денс…

1
6
5497

Азиядағы ең үздік медицина

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пікірінше азия аймағындағы ең үздік медицина Сингапур елінде. Әр жыл сайын Сингапурға емделу үшін 500 мың адам емделуге келеді екен. Сингапурды азиядағы экономикалық айдаһарға балайды. Сонымен бірге Сингапур - сауықтыру және медициналық туризмнің негізгі орталықтардың бірі. Кішкентай мемлекет қалай ғана азия аймағында медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша алғашқы орынға шықты. Қазір Сингапурда алпауыт елдерден асып түсетін денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істейді. Оған бәрі кіреді: жоғары сапалы қызмет, білікті мамандар, үздік техникалық жабдықтау. Жоғары сапалы медициналық қызмет АҚШ, батыс европалық клиникалардан қарағанда қол жетімді. Бүгінгі Сингапур –түрлі діни конфессиялар, сан түрлі мәдениет пен тілдер тоғысқан 4 миллион халық тұратын мекен.…

0
0
8150

Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті

Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде киелі Қарағанды жерінде қазақ жастары бірігіп, Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы тұсында Алаш арыстарын еске алды. Қарағандылық жастар «Алаш апталығы» аясында Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Алашым-Ардағым!» атты әдеби танымдық кеш өткізді. Іс-шара аясында кітаптар көрмесі, алаш ардақтыларына арналған стенд дайындалды. Әдеби-танымдық кештің көркін ашып отырған жүргізуші, тек облысқа ғана емес, бүкіл республикаға танымал айтыскер-ақын Айтбай Жұмағұлов. Қарағандының өнерпаз жастары еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Алаш қайраткерлеріне арнап, әдемі әуендер ойналып, өлеңдер оқылып және патриоттық әндер шырқалды. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген әдеби кештен соң жақында ашылған облыстық орталық…