Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар!

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар! Біз жиырмасыншы рет ең басты мемлекеттік мейрам – Отанымыздың, Қазақстан Республикасының егемендік алған күнін атап өтудеміз. Аталған жылдары еліміз қиын жолды – тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолын артта қалдырды. Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды анықтауға мүмкіндік беретін негізгі құндылық. Егемендік лайықты өмір сүру құқығын қорғап, өзі үшін күресуді талап етеді. Шынайы Тәуелсіздіктің кепілі – мемлекет пен халықтың мақсаттары мен мұраттарының сәйкес келуі. Бұл дегеніміз – халыққа қызмет ететін, арман-тілектеріне жауап беретін, оның мүддесі үшін шешім қабылдайтын мемлекетті құру болып табылады. Түрлі құбылыстардың лебі қоғамымызда көптеген қарама-қайшылықтарды туғызды. Ал олар азаматтарымыздың мемлекет ісін басқару процестеріне көпте…

0
0
598

Елбасы атына құттықтаулар келіп түсіп жатыр

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтың атына алыс-жақын шетелден көптеген құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр. Қазақ халқын мерейлі мерекесімен құттықтап жатқан елдер арасында іргелес Ресейден бастап, сонау Араб елдеріне дейін бар. Бұл қазақ елінің халықаралық беделін көрсетсе керек.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған жеделхаттар дипломатиялық арналар арқылы келіп түсуде. Алыс-жақын шетелдің Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері, дінбасылары елдің 20 жылдағы жетістігін Елбасының атымен байланыстырады. Толығырақ...
0
0
424

Қазақ блогы ашылды Жаңа Жылда!

Міне, қыс мерекесі Жаңа Жыл да келіп жетті, алдымен Сіздерді осы мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер, бірақ та өзіміздің наурыз айында болатын Жаңа Жылымызға ештеңе де жетпейді емес пе? Жалпы, Бұл қазақ блогында не туралы жазылған: Біріншіден, бұл веб шебер блогы, вебмастерлерге арналған қазақ тілінде жазылған блог, Сіз вебмастер болмасаңыз да, блогқа келіп тіркелуіңізге болады, себебі бұл блогтаң білмейтін нәрселеріңізді білетін боласыз: Мысалы, сайт, блог, портал жасауды үйренесіз, және онымен тоқталып қана қоймай кез-келген сұрақтарыңызды Вебмастерге хат жазу арқылы қою-ға болады, жалпы интернет жайлы барлық ақпараттарды алуға болады (қазақ интернетінде кездеспейтін материалдарды). Қазақша блогтар қазір интернетте көп кездеспейді емес пе? Сонымен, осы блогқа кіріп тіркелуді ұсынамын…

0
0
1366

Тәуелсіздік тұғырлы болсын, қандастар!

Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 20-шы жылымен шын жүректен құттықтаймын! Мейлі, біреуден артта болайық, біреуден кем, бірақ қалай болғанда да тәуелсіз елде өмір сүріп жатырғанымыз әмбеге аян. Мұны тіпті радикалдығы асқынған қай оппозиционер болса да мойындауы керек! Тәуелсіздіктің өлшемі не өзі? "Бас бостандығы" десем, коммунизмнің салқыны қаққандар оныма келіспейді. "Жан тыныштығы" десем, "Күйттегенің сол?" ма дейтіндер табылар. "Ішкенім артымда, ішпегенім" алдымда десем, "тоғышардың тірлігі" дейтіні сірә белгілі. Сонымен? "Тәуелсіздік" деген не өзі? Бәлкім географтар "Мемлекеттің өзінің шекарасы болуы" дер. Заңгерлер "Конституция", қаржыгер "Төл капиталың" дер. Алайда тағы сол асқынған"демократияшылдар" "Шын мәнінде көршіңе құл болсаң, сенің шекараң мен түкке тұрмайтын Конституцияңнан не…

0
1
2183

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Бүгін қазақстандық Google бетінде қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттыктау үшін мынандай сурет қойылды.

20th anniversary of the independence of the Republic of Kazakhstan

0
4
2042

Жаңа жылда жаңа қазақ блогы ашылды - міне адресі: http://elzhas-webmaster.idhost.kz/

Кіріңіздер, міне ссылкасы http://elzhas-webmaster.idhost.kz/

Бұл қазақша блогтан не табасыз, қазақ интернетінде жоқ мәліметтерді тауып алуға болады, мысалы Қалай сайт жасау, Қалай сайтты дамыту, және де компьютермен де қатысты мақалалар жазады, вебмастерге сұрақтарыңыз болса қоюға болады блогқа кіріп, бәрі түсінікті, қызықты! Кіріңдер! Достар!

0
0
696

20 жылдыққа арналған салтанатты жиын өтті



Қазақстан мен Украина арасындағы саяси-экономикалық байланыстар жыл өткен сайын артып келеді. Украина астанасы Киевте ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған Украинаның белгілі қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері, іскер топтары мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

 

Салтанатты шарада Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаев Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар украин қайраткерлеріне «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Мерекелік жиын соңында қазақ елінің көркем табиғаты мен мәдени мұрасынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды.

0
0
304