Мазмұнға өту

Жаңа

Экономиканы дамыту және кәсіпкерлерді қолдау" жөніндегі қоғамдық кеңес

Кеңесте кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ибраева Тоғжанның 2021 жылы ашылған шағын кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды.

0
0
215

22 қазанында филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған А.Ермухановты таныстырды

"Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов аудан активі отырысында ағымдағы жылдың 22 қазанында филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған А.Ермухановты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Сондай - ақ, актив отырысына қатысушы партия мүшелеріне алда тұрған мақсат - міндеттеріне тоқтала келіп, сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша жол картасын орындауды басты міндет екенін назарға салды.

0
0
192

«Бақытты отбасы» жобасының айлық есебі

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы қазан айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 4 іс-шара өтіп, 78 адамның қатысуымен ардагерлерге және 3 отбасыға көмек көрсетілді. Аталған шаралар БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды.Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен қайырымдылық марафоны аясында ардагерлерге, сонымен қатар көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық түлік себеті таратылды. Алдағы уақытта да осындай қайырымды істер марафоны өз жалғасын табады. «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларға жедел көмек көрсету үшін» құрылған топ құрамын жұмыс барысымен таныстыру се…

0
0
210

Ұялы ауылында қабылдау өтті.

Аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Нұрлыбек Даумов және аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева бастаған тиісті мекеме басшылары Ұялы ауылдық округіне барып "Ашық әкімдік" бірыңғай қабылдауын өткізді. Ауыл тұрғындарын жекелей қабылдап, тұщымды жауап берді.

0
0
186

Аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

Отырысты кеңес мүшесі Б.Джумагулова жүргізді. Отырысқа кеңес мүшелері Zoom қосымшасы арқылыда қатысты. Аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысына төмендегідей мəселе ұсынылды: Республикалық фитосанитариялық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы аудандық филиалының 2021 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары.

Күн тәртібіне сай Республикалық фитосанитариялық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы аудандық филиалының басшысы Жасқайрат Иранұлы Дауленов баяндама жасады. Қоғамдық кеңесі отырысының қаулысы бекітіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

0
0
223

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының ресми парақшасы ашылғандығы жөнінде хабарлаймыз.

https://www.facebook.com/%D0%9D%D2%B1%D1%80-%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B-%D0%90%D2%9B%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8B-111417047999354/ ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!«Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының ресми парақшасына қош келдіңіздер.Қазіргі таңда әлеуметтік желілер халықтың көңіл-күйі мен қоғамдағы мәселелердің айнасына айналды. Біз әлеуметтік желілерді халықпен жедел байланыс орнатуда пайдаланып келеміз.«Nur Otan» партиясы алғашқы құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір…

0
0
202

«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды.

«Nur Otan» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін, мемлекеттілік іргесінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстарды және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:«Проза» номинациясыБірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.«Поэзия» номинациясыБірінші орын (…

0
0
224

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға шат-шадыман көңіл-күй және қызметтеріне толағай табыс тіледі. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/276675...

***

Министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов поздравил социальных работников Казахстана с профессиональным праздником и пожелал им оптимистичного настроя и доброжелательности в работе. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/276675...

0
0
381

Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...

Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара барысында еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Форум жұмысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ашты. Ол өз сөзінде Үкімет нақты нәтижелі еңбекке негізделген қоғамды әлеуметтік жаңғырту саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтынын, зейнетақы мен жәрдемақылар төленетінін, әлеуметтік көмек көрсетілетінін, еңбекақының көтерілетінін, қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылатынын, еңбекшілерді,…

0
0
381